суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-8oC
×

Сәбит Пазылов: «Алдағы айларда күш-жігерімізді жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз»

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында осылай айтқан болатын. Осы орайда Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов жолдау жүктеген міндеттер мен жоспарлар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады.

«Президент өз сөзінде: «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосынан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды», - дей отырып, дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және қиын шақта бей-жай қарамаған азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, дәрігерлерге материалдық тұрғыда қолдау көрсету керектігін атап өтті. Осыған орай медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдықта ынталандыру үстемақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды», — деді Сәбит Бексейітұлы.

Сала басшысы пандемияға байланысты барлық облыс орталықтарында модульдік инфекциялық ауруханалардың салынып жатқанын айтты. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша берілетін жеңілдікті 7 есеге көбейту балалы болғысы келетін отбасылар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

«Бүгінгі күні ел ішінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешімін тапты. Дегенмен, отандық фармацевтика саласының мамандары зор жауапкершілікпен жұмыс істеу керек екенін, медицинаға қажетті бұйымдардың барлығы елімізде шығарылуы керектігін жолдауда жеткізді. Ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Алдағы айларда бар күш-жігерімізді жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Күрес әлі жалғасуда», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0