воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қызылорда облысында ауыл әйелдерінің форумы өтеді

Сыр ауылдарындағы кәсіпкер, мұғалім, дәрігер және үй шаруашылығындағы әйелдер мен зейнеткер аналар арасында форум ұйымдастырылады.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Карантиндік шектеулерге байланысты аталған шара ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибе бөлісіп, пікір алмасатын форумға 100-ден аса ауыл әйелі қатыспақ. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова және «Бойтұмар ханым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рахима Ахметова тарқатып айтып берді.

«Облыс тұрғындарының 49 пайызы әйелдер. Оның 54 пайызын ауыл әйелдері құрайды. Бүгінде аймағымызда өз кәсібін ашып, елдің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді, Мәселен, биыл облыс бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі 8 әйелге 16 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Осы орайда жаңа бағытта жұмыс істегісі келетін әйелдер форумда өз сұрақтарын қойып, толық мағлұмат ала алады. Қазірде әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді», — деді Қаламқас Арыстанқызы.

Ауыл әйелдерінің форумымен қатар биыл аймақ әйелдері арасында «Ақ орамал» жобасы өтеді. Аналармен кездесіп, ұлттық тәрбиені нығайту мақсатында өткізілетін шараны «Бойтұмар ханым» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0