Шығыс өңірінде Ashyq жобасына қатысатын нысандардың саны күннен-күнге артып келеді
Олардың қатарына жазғы демалыс базалары да қосылды. ШҚО кәсіпкерлері палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық қызметпен айналысатын 516 нысанға Ashyq жобасына қатысу үшін QR-код берілді.

Фото:
Бұл жүйеге сонымен қатар мемлекетік ұйымдар, білім беру мекемелері мен туристік нысандар белсене қосылуда. 83 кәсіпорын жобаға өз еркімен қосылса, 73 кәсіпорын қазір тестілеу режимінде. Отыз нысан өңірдің жасыл/сары аймақта орналасуына байланысты о бастан бұл жобаға қатысудан бас тартқан.
«Еріктілер арасында мемлекеттік мекемелердің белсенділігі арта түскенін айта кету керек, — деп атап өтті Қайрат Мамырбаев. – Бұл – департаменттер, әкімдіктер басқармалары мен олардың коммуналды мемлекеттік кәсіпорындары, әскери бөлімшелер, білім мекемелері, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері. Сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында облыстың көптеген демалыс базалары да осы жобаға ерікті түрде қатысуға ниет білдірді».
Аймақтық кәсіпкерлер палатасында айтқандай, жобаға Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларындағы және барлық аудандарда орналасқан бизнес нысандары қатысады. Туристік нысандарға келсек, Алакөл жағалауындағы 26 демалыс базасы QR-код алды. Алтай ауданында он демалыс базасы QR-код алса, тағы төрт кәсіпкер келісімді тосып отыр. Демалушылар ең көп баратын Катонқарағай ауданында әзірге бір-ақ демалыс базасы Ashyq жобасына қатысады, тағы біреуі қорытындыны тосуда.
Жоба бойынша жұмыс істейтін нысандарға келушілер Ashyq қосымшасынан басқа Aitu, Kaspi.kz платформаларын да пайдалана алады. Таяу уақытта тағы бірнеше қазақстандық банк QR-кодты қолдануға болатын өз қосымшаларын іске қосуды жоспарлап отыр.
Тағы бір жағымды жаңалық, Ashyq жобасы бойынша балалардың жабық ойын-сауық орталықтары да балақайларды қабылдай алады. Мамыр айының соңында орталық қожайындары Қазақстан Президентіне бейнеролик арқылы өз өтініштерін білдірген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3-маусымдағы №26 қаулысына сәйкес, бизнестің бұл нысандарына бір балаға он шаршы метр аумақты қамтамасыз еткен жағдайда жұмыс істеуге рұхсат берілді.
«Бір жылдан асты, балаларымызды ешқайда апара алмаймыз. Мектепке де жөнді барған жоқ. Үнемі үйде отырудан іштері пысты. Оның үстіне жадырап жаз келді, олардың аңсары далаға ауып тұрады. Балалардың жабық ойын-сауық орталықтарының қызметіне Ashyq жобасы ойынша рұхсат етілгені біз үшін үлкен қуаныш. Алдағы демалыс күндері отбасымызбен ойын-сауық нысандарына барып, көңіл көтерсек дейміз», — деп бөлісті бізбен өзін Айша деп таныстарған көп балалы ана.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:20В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:354-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видеоСегодня, 12:55Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10
-
18:33Военнослужащие, рискуя жизнью, спасли из пожара жителей Уштобе18:23Токаев направил телеграммы соболезнования руководству Пакистана18:18Певца Игоря Николаева экстренно госпитализировали18:04Корейский певец продолжает записывать свои версии казахстанских песен17:53Фильм о Каныше Сатпаеве выйдет в прокат 2 февраля17:42В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:31МИД России заявило, что не вмешивается во внутренние дела Казахстана17:17Сын бизнесмена употребляет порошок с несовершеннолетней: Полиция отреагировала на видео17:04Тенге отлично подрос16:52Токаев снова назвал проект ЛРТ ошибкой16:41Ставить в магазинах казахстанские товары выше российских просят в Сети16:30«На пустом клочке земли сразу же появляется ЖК» – Токаев о застройке столицы16:23Качество дорог в Астане вызывает вопросы у президента16:15Из-за задержек акимата ТЭЦ в столице подорожал на 53 млрд16:08Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления