Екпе салдырған шығысқазақстандықтарға жеңілдіктер мен сыйлықтар табысталуда
Шығыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандарды ынталандыру мақсатында оларға әртүрлі жеңілдіктер беріліп, лоторея ұтысы ұйымдастырылып жатыр. Өскемен қаласындағы барлық вакцина пункттерінде екпе салдырғандарға ұтыс сыйлықтары қарастырылған. Бұған дейін вакцинация науқанына белсенді қатысқан мұғалімдерге тегін жолдамалар берілген болатын.

Фото: gov.kz
Өскемен қаласы әкімдігінің бастамасымен "Екпе ал және жүлдені ұтып ал!" акциясы қаладағы барлық вакцинация кабинеттерінде жүріп жатыр. Енді вакциналау пунктінде препараттың бірінші дозасын алған әрбір адам ұтыс ойынына қатысу үшін бірден өз купонын алады. Талондарды толтырып, осы жерде орнатылған арнайы жәшікке салу керек. Әр апта сайын купондарды тастағандардың арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі.
Өздерін Covid-19 індетінен қорғағандардың бірі – Алтай ауданы Средигорное орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Алена Сычук. Оның айтуынша, вакцинация қажет, өйткені «ХХІ ғасыр обасынан» құтылудың басқа құралдары жоқ.
«Менде тіпті қажет пе, жоқ па деген сұрақ та болған жоқ. Бардым да, вакцина салдырдым. Жалпы, мен жаппай вакцина салдыру керектігін қолдаймын. Өзім мектепте жұмыс істеймін және мектепте барынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделімін. Оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де, мұғалімдер ұжымы үшін де, егер балалар қашықтықтан оқыса да, бұл қажет. Ең бастысы - қауіпсіздік», — дейді Алена Сычук.
Алтай ауданы білім бөлімінің кәсіподағы мұғалімдерге Алакөл көлінің жағалауына 20-дан астам жолдама бөлді.
Ал Семей қаласындағы №6 емханаға вакцина салдыруға келушілер лотерея ұтысына қатыса алады. Оларға осылайша өздерін коронавирустан қорғаумен қатар, әртүрлі тұрмыстық техникаларды ұтып алу мүмкіндігі берілген.
Халықты вакцинациялауға тарту мақсатында аурухана басшылығы арнайы акция ұйымдастырды. Күн сайын екпе салдыруға келген бірінші адам лотерея билетін алып, қосымша байланыс мәліметтерін қалдырады. Осыдан кейін аурухананың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздарға микротолқынды пеш, пісіргіш, үтік және тұрмысқа қажетті басқа да заттар сыйлыққа беріледі.
«Бүгінгі таңда біздің қызметкерлеріміздің 85% - ы екпе салдырды. Жалпы алғанда біздің ауруханада 4400 адам вакцина алды. Індетті вакцина алу арқылы ғана тоқтата аламыз. Ол үшін адамдардың екпе салдырудың қажеттілігін түсінуі маңызды», – дейді Семей қаласындағы №6 аралас типтегі емхананың бас дәрігері Ақтолқын Қаметова.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан басталды. Бастапқыда ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынды. Енді тұрғындар қазақстандық «QazVac» және БАӘ-де жасалған «Hayat-Vaх» вакцинасын таңдай алады.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды26.01.2023, 12:42Продавщица-фокусница в Шымкенте обманула клиента и попала на видео26.01.2023, 18:02
-
07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января05:28Врачи Алматы выходили новорожденного весом 510 грамм03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области02:28Сколько заработала Елена Рыбакина после сенсации на Australian Open-202301:35В Шымкенте в частном доме с четырьмя детьми произошел взрыв00:17Сколько «слепых» зон, где отсутствует интернет и связь, в Астане?