воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
1oC
×

Өскемен қаласының қоғамдық көлігі заманауи төлем жүйесіне көшпек

19 маусымнан бастап  Өскемен қаласының қоғамдық көлігі заманауи және ыңғайлы төлем жүйесін пайдалануға көшеді. Өскемендіктер енді автобустардағы жол жүру ақысын көлік карталарының көмегімен төлей алады. Бұл тәжірибе Семей қаласында екі жылдан бері қолданылып келе жатқанын айта кету керек.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

«Автобустарда осы төлем жүйесін іске қосу Өскемендегі қоғамдық көліктерге заманауи және инновациялық төлем әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Пайдалану барысында жүйе өзін сенімді жағынан көрсетті, сондықтан біз оны қаладағы ең танымал көлік түріне қолдануды жөн көрдік», — деп түсіндірді  ЖТБО ЖШС директоры Аби Алменбетов.

Автобустарда жүйе кезең-кезеңмен іске қосылады. 19 маусымнан бастап электронды билеттеуге қаланың барлық ірі тасымалдаушылары көшетін болады.

«Біздің мамандар автобустардағы жабдықтарды орнатып, жұмысын реттеді және тексерді. Жүйе көлік карталарын іске қосуға және қабылдауға дайын. Көлікке кіре берісте тұтқада валидатор орнатылған. Оған жол ақысын төлеу үшін Oskemencard көлік картасын қосу керек. Картаны валидаторға қайта басқан кезде экранда карта балансы көрсетіледі. Картаны құрылғыға тигізген кезде жол ақысы бірден төленеді. Валидаторлар әр есіктің кіреберісінде орнатылғандықтан көлікке отыру және түсу кезінде қиындықтар болмайды», — деп атап өтті осы жүйеге бағдарламалық қолдау көрсететін «IBA Қазақстан» ЖШС бөлім басшысы Евгений Серегин.

Автобустарға аталмыш жүйені енгізу жолаушыларға келешекте  Oskemencard көлік картасын жердегі барлық көліктерде: автобустарда, трамвайларда және микроавтобустарда төлем жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе көлік түрін автоматты түрде таниды және қажетті соманы шешіп алады.

Көлік картасы арнайы сату нүктелерінде саудаланып, сол жерде толтырылады. Бүгінде қалада 20-дан астам сату нүктелері жұмыс істейді.  Қалалық әкімдікте түсіндіргендей, қазіргі уақытта  қоғамдық көліктерде қолданылатын барлық жеңілдіктер сақталады, жаңа жеңілдіктер енгізілмейді.

Ал жеңілдікпен жүретін азаматтар Oskemencard арнайы жеңілдік картасын жасатуы керек. Ол тегін шығарылады. Ол үшін өтініш берсе, жеткілікті.

Ескертетін жағдай, автобустарда жүйе іске қосылғаннан кейін сараланған тариф енгізіледі. Көлік картасы бойынша жол жүру құны бұрынғы деңгейде өзгеріссіз қалады, ал қолма қол есеп айырысса, артады. Автобустар мен шағын автобустарда ақы төлеу құны 130 теңгеге дейін, трамвайларда – 120 теңгеге дейін өседі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0