Риддерде Ashyq жобасын қолданушылардың саны артып келеді
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде Ashyq жобасын қолданушылардың саны артып келеді. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге «қызыл» аймақта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінде Риддердің 19 кәсіпкері Ashyq жобасына қатысуға ниет білдірген. Олардың 17-сі QR кодтарын алды, ал 3 бизнес нысаны тестілеу режимінде жұмыс істейді. Жобаға қосылғандардың көпшілігі тамақтану нысандары.

Михаил Запорожский - мейрамханасының меңгерушісі: «Адамдар қазірдің өзінде бұл жобаға үйреніп қалды. Көбісі мейрамханаға келерде QR кодын бірден автоматты түрде көрсетеді.Ешқандай қиындық тудырмайды. Біз үшін бұл өте ыңғайлы, біріншіден, инфекция қаупін болдырмайды. Келушілер коронавирусты және басқа да ауруларды жұқтырмайды деп сенімді түрде айта аламыз. Елдегі жағдайдың тұрақталуына септігін тигізеді»
Мейрамханалардың тұтынушылары төлем бағдарламасы арқылы Ashyq қызметін пайдалана алады. Оны қолдану үшін мекеменің кіреберісінде орнатылған QR кодын онымен сканерлеу қажет. Осыдан кейін смартфон экранында кіруге рұқсат беретін немесе оны шектейтін белгі көрсетіледі. Негізінен қоғамдық тамақтану орындарына «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар келушілер ғана кіре алады. Әзірге құқық бұзғандар жоқ дейді мамандар.
«Қазір бұрынғыдан қарағанда жақсырақ. Көбісі бұл жобамен таныс. Яғни, қосымша арқылы мейрамханаға кіріп шығу жеңіл. Ал, басында шыны керек қиындау болды. Әр келушіге түсіндірме жұмыстарын жасайтынбыз. Бәрінің ұялы телефондарына тіркеп көп уақыт жоғалтатынбыз. Ол кезде бізде күзетші де болмаған еді. Әр келушінің сұрақтарына жауап беріп одан кейін ғана мейрамханаға кіргіздік» дейді тәжірибелі әкімші Екатерина Кравченко.
Барлық шектеу шаралары бизнеске айтарлықтай шығын келтірді. «Ashyq» - қиын жағдайдан шығудың жалғыз мүмкіндігі, дейді дәмхана қызметкерлері.
«Шығыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының Риддер қалалық филиалының директоры Данияр Мұхтаровтың айтуынша «Atameken» дәл осы «Ashyq» жобасын түсіндірумен айналысады, кәсіпкерлерге сапаны бақылау департаменті арқылы сәйкестік актісін алуға көмектеседі. «Ashyq» - бұл шектеу шараларының критерийлерін білдіреді, яғни, егер аудан немесе қала «сары» аймақта болса, онда «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейтін кәсіпорындар «жасыл» аймаққа сәйкес еңбек ететін болады. Кәсіпкерлер бізге жүгінеді. Бәріне көмектесеміз», - дейді сала өкілдері.
Қазір Ashyq қосымшасына тіркелгісі келетін кәсіпкерлер көбейіп келеді. Олардың қызығушылығы түсінікті: ешкім шығынға батқысы немесе бизнесін жоғалтқысы жоқ. Барлығы бірдей кәсібін дөңгелеткісі келеді дейді кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының өкілдері.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробностиСегодня, 09:42
-
18:03Түркістан облысында 80 жастан асқан қария шаңырақ көтерді17:49Штормовое предупреждение объявлено в 7 областях РК17:35Работник суда украл 3 млн тенге у потерпевшей17:27Грузооборот КТЖ побил исторический максимум17:22Курс доллара упал на казахстанской бирже перед выходными17:08Нападающий «Барыса» стал автором лучшего гола недели КХЛ16:54Мужчина из Атырау избивает пожилую мать, обвиняя во всех бедах16:40Марат Омаровтың әйгілі әні шіркеуде қазақша шырқалды16:26Авто разорвало при столкновении со столбом в Алматы. Никто не выжил16:13Акиматам хотят разрешить застраивать национальные парки16:00За оскорбление учителя или врача придется заплатить двойной штраф15:48Техосмотр стал доступен для автомобилей с иностранными номерами15:35Почти 10 лет жители Шантобе борются с безработицей после закрытия рудника15:24Маленькая девочка восхитила TikTok игрой на домбре15:10Бибисара Асаубаева победила знаменитого гроссмейстера