вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Оңтүстік ― достық мекені» кездесулер керуені жалғасуда

Оңтүстік өңірінде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап «Оңтүстік ― достық мекені» кездесулер керуені жалғасуда кездесулер керуені жүргізілуде.

Этносаралық келісімді, өзара ынтымақтастық пен татулықты ту еткен ақпараттық-насихаттық топтары түрлі этнос өкілдерінен, «Жас Отан» жастар қанатының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен құралған.

Алғашқы топтың бағыты Қазығұрт, Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандары болса, екінші бағыттағы топ Ордабасы, Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс, Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларында жұмыс жүргізуде.

Жобаның негізігі мақсаты – жергілікті жерлердегі  көп этносты ауыл  жастарына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын және 5 институционалды реформасын жүзеге асыруда белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» ІV реформасын түсіндіріп, оларды ашық әңгіме алаңына тарту, пікірлер алмасу.

Кездесулер барысында сөз алған М.Әуезов атындағы университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ғ.Маймақов «Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өтіп жатқан іс-шаралар бұл  біздің этносаралық саясатты жүргізудегі елеулі дүниелер болуымен бірге, баршамызды бір ел, бір тағдыр, бір мүддеге тоғыстырған, һәм арналы даңғылға салған толағай табысымыз болып отыр» деп атап көрсетті.

Ал, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов «Біз бәріміз қазақстандықтармыз, ал негізгі мемлекет құраушы ұлт – қазақтар, осы қазақ халқының маңына топтасу арқылы «Мәңгілік Елдің» мұраттарын еңсеруіміз керек, ол үшін бізге ең алдымен ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім қажет, сонда ғана тәуелсіз Қазақстанымыздың бірлігін ыдыратпастан, іргесін мықтылай түсетініміз анық» деп баса айтты.

Ұлтаралық татулықты, өңірдегі түрлі этнос жастарының тыныс-тіршілігімен танысуды көздеген бұл кездесулер арнайы кестеге сәйкес аладғы уақытта да жалғаса бермек.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0