пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Шымкентте «Жасөспірімдер мен жастар арасында десртуктивті ағымдар ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің тапсырысына сәйкес «Қазынат-Мирас» жеке қорының ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ағымдар ықпалының алдын алу» тақырыбында Түлкібас ауданында А.Оразбаева, Рыбалко және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептерінде кездесу болып өтті. Кездесуге ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры міндетін атқарушы М.Бесбаев қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар мен студенттерге  діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түсетіндігін түсіндірді.

Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенде келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да бұлар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.

Елбасымыз «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», - деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген.

Кездесу соңында М.Бесбаев жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0