четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Маңғыстау облысының мәдениет күндері Елордада болып өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» өңірлердің Астана қаласындағы күндеріне сәйкес Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерінің күндері болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Астананың аспанында үш жүз алпыс екі әулиелі мекен атанған Маңғыстаудың әні шырқалып, күйі шарықтады. Салты мен дәстүрі көрініп, жергілікті өнімдері таныстырылды.

1 қазан күні Бейбітшілік пен келісім сарайында облыстық тарихи –өлкетану мұражайының «Жаңғырған асыл мұра» және облыстық кітапхананың «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты көрмелері, «Жаңғырған Маңғыстаудан — Жасампаз Астанаға» атты өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылды.

2 қазан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әбіш әлемі» журналының тұсаукесері, сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Әбіш Кекілбаев шығармасының желісімен сахналанған «Шыңырау» қойылымы көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме аясында «Ұлыстың ұраны- Пір Бекет», «Маңғыстаудың дәстүрлі қолданбалы өнері», «Түбек табиғатының таңғажайыптары», «Қазыналы өлкенің қарышты қадамдары», «2014-2015жж. Маңғыстау облысында жүргізілген археологиялық жұмыстар» және «Ұлы дала Абызы» тақырыбында бөлімдер жасақталған.

«Киелі киіз үйі, қазақ ұлттық киімдері мен әсем әшекей бұйымдарының барлығы да жаңартылған түрде қойылды. Көрменің бір бөлімінен ұлыстың ұраны болған Пір Бекет атаның ғұмырдариясымен және халқымыздың біртуар ұлы, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысуға толық мүмкіндік бар. Жәдігерлердің ең ескісі 200 жылдық тарихы бар мес аяқ болса, Маңғыстау зергерлері мектебінің ғажайып дүниесі күміс белдік жүз жыл бұрын жасалған. Туған жеріміздің ерекше нақыштағы дүниелерін астаналықтарға көрсетуге тырыстық», — дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Т.Жұмалиева.

Мәдени шаралармен қатар Маңғыстаудан шығарылатын отандық өнімдерді таныстыру мақсатында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Каспий теңізінде жүзген балықтары мен ауыл шаруашылық өнімдері Астанаға жетті. 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас су жануарлары мен 3,5 мың шыны құтыға жабылған көкініс тағамдары жоғары сапасы мен төмен бағасына орай бірнеше сағатта қала тұрғындарына сатылып кетті.

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы қарсаңында Маңғыстауда шығарылатын жергілікті өнім түрлерімен Астана жұрты таныс болды. Бұл шет аймақтарда отандық өнім жоқ деген сөздерге жақсы жауап. Қарақия ауданындағы Қызылқұм мүйісінде 28 шаруа қожалығы бар. Жәрмеңкеге жерімізде өсірілген өнімнің 7 түрін алып келдік»,— дейді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Қ.Беков.

Маңғыстау күндерінде Бейбітшілік пен келісім сарайы астанадағы өнерсүйер қауымды жинады. «Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға» атты гала концерт үш бөлімді музыкалық-поэзиялық театрландырылған бағдарламадан тұрды. Аталмыш шығармашылық кеш астаналықтарды танғалдырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: