Жетісу жерінің орталығы Талдықорған қаласында Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі 25 жылдығын тойлады. Бұл жайында облыстың білім беру басқармасының басшысы Базарқұлова Ләззат Тлеубайқызы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында айтты.
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», ― деп Елбасы өз мақаласында айтып өткен. 25 жылдығын тойлап отырған лицей қабырғасында бәсекеге қабілеттілікті, рухани құндылықтарды бағалауды және дамытуды, үш тілділікті алға қойған. Білімнің сапасы қандай білім берілгендігіне байланысты емес, сол білімді сананың қаншалықты қабылдай, сіңіре алғандығына да байланысты. Ал, лицей оқушылары қазіргі заманғы білім бәсекелестігінде екі негізгі мәселені айқындап алған деп айтуға негіз бар. Бірі - сапалы білім, екіншісі заман ағымынан қалмай адамды өмір бойғы оқу», ― деді Ләззат Базарқұлова.
«Қоғамға үш тілді жетік, компьютердің бағдарламалау тілін жақсы білетін, экономика заңдарының теориясы мен практикасын меңгерген оқушыларды тәрбиелейтін бұл мектептің негізгі жетістігі әлемдік деңгейге танымал болған түлектері. Мысалға, әлемдік олимпиадалардың төрт дүркін жеңімпазы Байжікенов Бақытжан, «Intellection» компаниясының негізін салушы, басшысы Ойшынов Азамат, Сламбек Айбек - Қазақстан территориясындағы Франция компаниясының басшысы, Олжас Нұрбаев - Барселонада өткен кинофильмдер байқауында «Ең үздік режиссер» жеңімпазы, Алматы облысы, Көксу ауданының әкімі ― Алмас Әділ және тағы басқалары.
25 жылда лицейді 1000 жуық түлек бітіріп, оның 81-і «Алтын белгі», 85-і «Үздік аттестат» иегері атанса, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында лицей оқушылары 159 орынды, ал республкалық олипиадаларда 67 орынды иеленді. Осы оқу жылында лицейді 75 түлек аяқтайды.
Республикалық үздік 50 мектеп қатарына кіретін лицей ұжымында 54 пән мұғалімі қызмет етеді, оның 31 жоғары санатты, 11 бірінші санатты, 12 екінші санатты. Кембридж бағдарламасы бойынша 24 мұғалім сертификатталған. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі ― 5, ҚР білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» белгісінің иегерлері ― 3, «Ы. Алтынсарин» төл белгісінің иегерлері ― 3, «ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері – 2.
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналистСегодня, 03:36Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-2023Сегодня, 09:12
-
18:18Казахстанский теннисист выиграл первый титул на турнире серии ITF Juniors18:00Из-за тумана в четырех областях Казахстана объявлено штормовое предупреждение17:29У учителя школы в Атырау выявили гепатит А17:00Телеведущий Николай Дроздов попал в реанимацию16:37О чем спросили Димаша Кудайбергена на кинофестивале в Индии15:59Талибы запретили вузам допускать девушек до вступительных экзаменов15:34У казахстанского форварда перед возвращением в состав «Барыса» родился сын15:09Больше суток жители Петропавловска жили без воды14:43Новые подробности продажи младенца открылись в Таразе14:00Как казахстанцы могут подать заявку на проверку регистрации авто13:02МЧС показало кадры с места пожара на «Шымбулаке»12:36Десятки трупов собак обнаружили в яме близ Актау11:54Аким пересел за руль автобуса в Павлодарской области11:13Америнканец выучил казахский язык по песням группы Ninety One10:39Резко снизилась суточная заболеваемость коронавирусом в Казахстане