Қызылорда облысында бір күнде рекордтық көлемдегі білім нысандары пайдалануға берілді. 25 мамырда Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында 6 мектеп пен 2 балабақша салтанатты түрде ашылды.
24-25 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болып, аймақтағы ұстаздар қауымымен кездесті және бірқатар нысандардың ашылуына қатысты.
24 мамырда Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында министр білім қызметкерлерімен кездесіп, саланың өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Өз кезегінде Ерлан Сағадиев облыста білім саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.
Жұмыс сапарының екінші күні ҚР Білім және ғылым министрі Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, 2016-2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған салтанатты шараларға және апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңадан салынған 5 мектеп пен 2 балабақшаның ашылуына қатысты. Сонымен қатар Ерлан Сағадиев Қазалы ауданындағы 200 орынға арналған мектептің құрылыс барысымен танысып, осы аудандағы мектеп-лицейдің «Соңғы қоңырау» мерекелік шарасының куәсі болды. Сондай-ақ, осы күні Арал ауданында 50 орынға арналған тағы 1 жаңа мектеп ел игілігіне берілді.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға басты үш міндет қойған болатын: үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою және 3-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту. Алдымен 2015 жылы үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға қол жеткіздік. Содан соң өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 пайызға орындадық. Ал, былтыр апатты жағдайдағы 37 мектептің орнына 25 мектеп салынды, қалған 12-сінің құрылысы басталды. Енді қалған 4 жаңа мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі»,― деп атап өтті облыс әкімі.
Осылайша аймақта Елбасының білім саласына қатысты барлық тапсырмалары (2020 жылға дейін) мерзімінен бұрын орындалатын болады.
Қызылорда облысының бюджетіндегі білім саласын қаржыландырудың үлесі 41 пайызды құрайды. (216, 9 млрд теңгенің 89,1 млрд тенгесі). Аймақ жан басына шаққанда білім және денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жағынан республикада алдыңғы орында.
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналистСегодня, 03:36Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте28.01.2023, 07:00
-
14:43Новые подробности продажи младенца открылись в Таразе14:00Как казахстанцы могут подать заявку на проверку регистрации авто13:02МЧС показало кадры с места пожара на «Шымбулаке»12:36Десятки трупов собак обнаружили в яме близ Актау11:54Аким пересел за руль автобуса в Павлодарской области11:13Америнканец выучил казахский язык по песням группы Ninety One10:39Резко снизилась суточная заболеваемость коронавирусом в Казахстане10:10Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру09:55Трехэтажный ресторан загорелся на «Шымбулаке»09:12Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202308:50Военнослужащий спас пожилую женщину в пожаре в Жетысу08:10В суд передали дело директора школы, с ножом напавшего на жену и ребенка07:37За высокие цены на подсолнечное масло накажут поставщиков в Мангистау06:4916 тыс казахстанцам запрещено выезжать из страны из-за долгов по алиментам06:00Прогноз погоды в Казахстане на 29 января