понедельник, 23 декабря 2024 г.
icon
523.86
icon
544.34
icon
5.11
Алматы:
icon
-11oC
Астана:
icon
-6oC
×

Талдықорғанда партиялықтар «Нұрлы жол» нысандарын аралады

Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 2 тұрғын үй құрылыстарына рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қалалық партия филиалы жанынан құрылған тұрақты комиссия төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Валерий Ким №4 – 159 пәтерлі, және №27– 171 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде екенін атап өтті.

«Рейд барысында біз аталған нысандардың белгіленген уақытта, яғни қыркүйек айының соңына дейін тапсырып үлгеретінен көзіміз жетті. Жалпы, қалада «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 тұрғын үй салынуда. Бөлінген мемлекеттік қаражат мақсатты жұмсалып, нысандар белгіленген мерзімде тапсырылады деп күтілуде», — деді ол.

Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі Элеонора Талданбаева өз кезегінде, комиссия мүшелері мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын өзге де объектілердің партияның қатаң бақылауда ұстап, қаржыны мақсатты игеру мен нысанды белгіленген мерзімде өткізуіне тексеріс жүргізетінін ерекше атап өтті.

«Тиімді инвестициялық және жобалық шешімдерді таңдау бойынша жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғамды, қоғамдық кеңестерді тарту да партиялықтардың жұмысына  көп көмегін тигізеді. Көпқабатты үйлердің құрылысы күзге дейін мерзімінде аяқталып, нәтижелі жұмыстың куәгері болатынымызға сенімдімін», — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0