Маңғыстауда баламалы энергия түрлерін енгізу мәселелері қаралды
«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» сараптама комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Іс-шара барысында комиссия мүшелері баламалы энергия түрлерін енгізу мәселелерін талқылады. Облыс аумағында 2013-2020 жылдары ҚР «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Нұрәділ Иманғалиев баяндама жасады.
Отырыста облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров аймақта баламалы және жаңартылатын энергияны дамыту туралы баяндама жасады. Ол Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында салынатын жел қуатымен электр энергиясын өндіретін станциялар құрылысы мен Мұнайлы ауданының Батыр ауылында салынатын күн электр станциясының жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, Түпқараған ауданындағы жел электр станцияларының қуаты 5 МВт және 42 МВт, Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы күн электр станциясының қуаты 7 МВт екендігі айтылды. Комиссия мүшелері осы станцияларға қызмет көрсететін мамандарды шетелдерге жіберіп оқыту мәселелерін қозғады.
«Бұл станциялардың құрылысына жер телімдері бөлініп, станциялардың техника-экономикалық негіздемесі, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды. Жобалар аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Сонымен қатар, өткен аптада Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен француз компаниясы «ЕСМ Technologies» күн электр станциясының құрылысы жөнінде Ниет білдіру хаттамасына қол қойды. Келесі жылы Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде қуаты 12 МВт күн электр станциясы іске қосылады, — деді Нұрлан Орынбасаров.
«Жоғары технологияларды дамыту» комиссиясының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ахмет Салманов аймақтағы баламалы энергия көздерін дамытуға үлкен мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті.
-
Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видео31.01.2023, 12:55На лодке добираются до школы дети в Кызылординской области31.01.2023, 10:23Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления31.01.2023, 16:08«Мне тут нравится!»: Российский турист не хочет уезжать из Шымкента31.01.2023, 20:32Известная казахстанка выразила мнение о россиянах31.01.2023, 15:11Казахстанский лоукостер будет летать в Турцию за 43 тыс тенге31.01.2023, 09:41
-
02:32Непобежденный нокаутер попал в топ-10 лучших боксеров РК01:22«Меня зовут Аселя» дейтіндер қазақ болыңдар! – блогер00:10«Дыши Алматы!»: Очищать воздух в мегаполисе предлагают путем распыления воды с высоты