четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Қызылордада «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті

26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

«Байланыс және ақпарат саласын үнемі назарда ұстап, маңыздылығын ескеріп және қолдап отыратын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Барлық бұқаралық ақпарат құралдары меншік формасына қарамастан, өз халқының мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс» - деген болатын. Себебі журналистер – мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың мәнін қалың бұқараға жеткізіп, Елбасымыздың сарабдал саясатын насихаттап, халық ішіндегі өзекті мәселелерді талдап, билік назарына ұсыну миссиясын мойнына алған құрметті де күрделі кәсіп иелері», — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  

Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0