суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Қызылорда облысында жол бойы сервистік нысандарының қарқынды құрылысы жүргізілуде

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында барлық елді мекендерде дәстүрлі экономика салаларын, оның ішінде көлік пен логистиканы дамытуды тапсырды. Қызылорда облысының аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының ең үлкен бөлігі орналасқаны белгілі. Өңірде бизнесті дамыту мақсатында осы жол бойында сервистік нысан салам деушілерге қолдау көрсетіліп, ондаған қызмет көрсету орындары салынуда, передает NewTimes.kz.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін  2017 жылдың 1 маусымына  41  нүкте  белгіленген.

Анықтама  ретінде:  2016  жылдың  29 қарашасында  4  жоба, 2017 жылдың 4 мамырында 5 жоба енгізілді.

Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теңге болатын 16 нысан пайдануға беріліп, 546 тұрақты жұмыс орны  құрылды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін  жалпы құны 5 млрд. 261, 2 млн. теңге  болатын 20 нысан  іске қосылатын болады.

Оның ішінде: Арал ауданында- 4 нысан; Қазалы ауданында- 3 нысан, Қармақшы ауданында- 3 нысан; Жалағаш ауданында-1 нысан; Шиелі ауданында- 3 нысан; Жаңақорған ауданында-2 нысан; Қызылорда қаласында -5 нысан.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы құны 290 млн. теңге болатын тағы  3 нысан  (Қазалы ауданында- 2 нысан, Қызылорда қаласында- 1 нысан) пайдалануға  берілетін болады.      

Барлық нысандардың жобалары облыс әкімінің төрағалығымен өтетін арнайы сәулет және қала құрылысы кеңесінде жан-жақты қаралып, талқыланады. Айта кетерлік жайт, сервистік нысан салуға ниет білдірген кәсіпкерлерге жер телімі бөлінеді, бірақ құрылысты уақытылы аяқтамаса немесе сапасы талаптарға сәйкес болмаса, оны мемлекетке қайтарып беруі тиіс. Салынған нысан және оның маңындағы аймақ көгалдандырылып, абаттандырылуы тиіс, сыртқы безендіруінде қазақы нақыштағы элементтер қолданылуы қажет.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0