пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылорда облысында ауыл шалуашылық саласына инвестициялар көлемі 20 есеге артты

Елбасымыз ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында дәстүрлі салаларды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударуды тапсырды. Қызылорда облысында ауылшаруашылық саласы дәстүрлі кәсіп екенін ескере отыра, осы саланы жан-жақты жетілдіру мақсатында күнделікті жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 6,9 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғада өсім 2,4% құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 142,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 20,0 есеге артты.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,9 млрд. теңге бөлінді. Мамандардың өзара тәжірибе алмасып, озық технологияларды еңгізу мақсатында жылда малшылар слеті, балықшылар слеті, «Дала күні» секілді шаралар ұйымдастырылады. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылықтың барлық салаларында тұрақты өсім бар.

Қуантарлық жайт: аймағымыздың мал басының саны жылдан-жылға өсіп, өткен жылы тарихымыздағы ең табысты 1993 жылдан да асып түсті. Облыс бойынша 2017 жылдың 1 сәуірін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,7%-ға, қой мен ешкі 3,5%-ға, жылқы 13,8%-ға, түйенің саны 3,3%-ға, құстың саны 2,6%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,5%-ға, сүт өндіру 2,6%-ға, жұмыртқа өндіру 3,7%-ға өсті. 

Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 6,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,6% артты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың наурыз айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 102,7% (республика бойынша 103,2%) құрады. 

Қазіргі таңда Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері экспортқа шығарылып жатыр. Мәселен, Арал ауданының балығы мен тұзы, Жалағаштың күріші, Жаңақорғанның қауын-қарбыздары аймақтық брендке айналып, шетелде сатылады. Одан бөлек тұрақты түрде шетелдік кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп, жаңа өндірістер ашылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0