пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Маңғыстауда Астана күні қарсаңында су тұщыту зауыты жұмысының екінші сатысы іске қосылды

Маңғыстауда президенттің тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Каспий» су тұщыту зауыты жұмысының екінші сатысы іске қосылды. Бұл жоба аясында  облыстағы су тапшылығы мәселесі шешілмек, хабарлайды «NewTimes.kz».

Зауыт қуатының күшеюі тұрғындар үшін тиімді. Кәсіпорын қайта жабдықтаудан өтіп, заманауи су тұщыту құрылғыларының іске қосылуы аймақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Каспий» су тұщыту зауыты Мұнайлы, Түпқараған аудандарына, Ақшұқыр, Тельман, Құрық ауылдарына және Ақтау қаласының солтүстік бөлігіне тұщы су жеткізіп келеді. Зауыттың белгіленген жалпы қуаты тәулігіне 30 000 м³.  Бұл алдыңғы тұщы судың берілу көлемінен 3 есе үлкен.

Аталмыш жобаға ұлттық қордан 3 млрд. 138 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда зауытта  121 адам қызмет етеді.

«Елбасымыз өзінің Жолдауында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымды дамытудың қажеттілігін алдымызға мақсат етіп қойғаны баршамызға белгілі. Бүгінгі «Каспий» су тұщыту зауытының қайта жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілгеніне куә болып отырмыз.  Бұл да – Тәуелсіз елімізді дамытудың,  қазір өңіріміз үшін ең өзекті болып отырған  ауыз сумен қамтамасыз ету  мәселесін шешуге өз септігін тигізетініне сенімдімін.  Алдағы уақытта зауыттың жалпы қуаттылығын 40 000 текше метрге дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл жоба да сәтті жүзеге асырылатынына сенемін», –  деп облыс әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы тұтынушыларды тұщы сумен тұрақты қамтамасыз етуді және 2019 жылы Маңғыстау облысын толықтай тұщы сумен қамтамасыз ету үшін зауыт қуаттылығын 40 000 м³/тәулікке жеткізу туралы тапсырма берді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: