четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылорда облысында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қыруар қаржы бөлінбек

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында екінші басымдық ретінде бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту көрсетілген. «Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады», - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру үшін жоспарға сәйкес биылғы жылға республикалық бюджеттен 1 765 000 мың теңге несие беру қарастырылған, бағдарламаның ережесіне сәйкес ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында үш жақты кредиттік шартқа қол қойылу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағдарламаға сәйкес, бағдарлама қатысушысы ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібін жасау үшін 8000 АЕК дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайызбен, 7 жылға дейін несие ала алады.

Сонымен қатар, бағдарламаның аясында Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру мақсатында облыстық бюджеттен 184 957 млн. теңге бөлініп, «Қаз Агро Кепіл» АҚ арқылы бағдарлама қатысушыларды кепілдендіретін болады.

Нәтижесінде аймақтың көптеген елді мекендерінде ондаған шағын бизнес нысандары ашылып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды. Елбасының сарабдал саясатына және қамқорлығына ауыл халқы дән риза.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0