суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Қызылорда облысында баға тұрақтандыруға баса назар бөлінеді

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында дәстүрлі экономика салаларын, оның ішінде ауылшаруашылық саласын дамыту бойынша тапсырма берді. Әсіресе елімізде әлемде жоғары сұранысқа ие экологиялық таза өнім шығару және азық-түлік  бағасын тұрақтандыру маңызды. Ал Қызылорда облысында осы бағытта күнделікті жұмыс жіргізіліп жатыр.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша азық-түлік тауарларының жыл басындағы бағаларын наурыз айымен салыстырғанда облыс бойынша–102,7 %-ды (республика бойынша – 103,2 %-ды) құрады.

Өңірлік тұрақтандыру қорының комиссиясымен тауар интервенцияларын жүргізу бойынша 1 рет отырыс өткізіліп, тиісті шешімдер мен шаралар қабылданды. 2016-2017 жылдарға өңірлік тұрақтандыру қоры және әріптес компанияларымен 1,6 млрд. теңгеге 16185 тонна көлемінде сатып алу және тауарлық интервенциялар жүргізу келісілді.

Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия шешімімен 2016-2017 жылдар аралығына барлығы 7832 тонна (макарон-224 тонна, өсімдік майы – 357,1 тонна, қарақұмық жармасы – 102 тонна, 1 сортты ұн – 5968 тонна, ет – 255 тонна, шай – 8,5 тонна, қант – 918 тонна) азық-түлік тауарларын сатып алу туралы шешім қабылданып, осы көлемнен 570,5 тонна өнім сатып алынды.

Жалпы бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 862,1 тонна өнім сақталып, 13 «Дәмді» әлеуметтік дүкендері және аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.

Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Байқоңыр» ӘКК-сы мен «Мирас» сауда үйі арасында жасалған әріптестік келісім негізінде жыл басынан бері 2472,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды. Әріптестік оң нәтиже бергендіктен келісім 2019 жылға дейін ұзартылды.  

Сонымен қатар, облыс орталығында азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып нарықты өнімдермен молайту мақсатында жыл басынан бері Қызылорда қаласында өткізілген 15 жәрмеңкеде облыс  ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен 113,52 млн. теңгеге  633,1 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0