пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Астанада Қызылорда облысы мәдени күндерінің гала ― концерті өтеді

14 тамыз күні Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен Сыр өңірі өнерпаздарының қатысуымен «Сырдария – Жырдария» атты өнер шеберлерінің Гала ― концерті өтеді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Концертте би ансамбльдері, жыршы, термешілер, қазақ эстрадасының жұлдыздары ― Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов өнер көрсетеді.

Гала-концерт аясында халықаралық ғарыш станциясындағы 52-экспедиция экипажымен телекөпір өткізіліп, ғарышкерлер Федор Юрчихин мен Сергей Рязанский Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.

Дәл осы күні  қызылордалық шахматшы, облыс тарихындағы алғашқы ФИДЕ шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы,  2 дүркін Әлем чемпионы Әсел Серікбай 15 тақтада бір мезгілдік сеанс өткізеді. Сеанс 14 тамыз сағат 15.30-да Астана қаласының шахмат клубында (Асанқайғы көшесі, 2) өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өткізілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0