пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Маңғыстау облысының газ мәселесі Ералы Тоғжановтың жеке қадағалауында

Бүгін облыс әкімі 6 газ құю бекетіне барып, бар жағдайды өзі көрді. Газ құю бекеттерінің басшыларынан қанша көлемде сұйытылған отынды алып отырғанын, ол қалай жұмсалып жатқандығын сұрады.

Рейд барысында кейбір газ құю бекеттеріннің қажетті құжаттары жоқ екені анықталды. Сондықтан, өңір басшысы салық комитетіне барлық газ құю бекеттеріне арнайы тексеріс жасауын тапсырды.

Рейд барысында Ералы Тоғжанов көлік жүргізушілерімен тілдесіп, олардың жан-айқайын тыңдады. Бұл мәселе жақын арада шешілетінін, сабырлық пен уақыт қажет екенін жеткізді.

Мәселені түбегейлі шешу үшін барлық жеке газ құю бекеттеріне тексеріс жүргізу қажет. Сол себепті, өңір басшысы мемлекеттік кірістер департаментіне газ құю бекеттерінің өткен жылғы және биылғы құжаттарын толық тексеруін тапсырды.

Айта кетейік, көгілдір отынды газ құю бекеттеріне жеткізетін көліктер толықтай GPS қондырғысымен жабдықталған. Ал, оны Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті бақылауда ұстап отыр.

Газ мәселесін шешу үшін өңір басшысы бүгін Ақтау қаласына қосымша 60 тонна газ берілетінін мәлімдеді. Көгілдір отын барлық газ құю бекеттеріне бөлініп, жеткізіледі.

Сонымен қатар, газ құю бекеттеріне тексеріс барысында облыс басшысы Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмовқа - ескерту, қала әкімінің орынбасары Тілек Қошмағамбетовке - сөгіс берді.

Жанар-жағармай бекеттерін шолып шыққан облыс әкімі бұл мәселе бір ізге түскенін жеке өзі қадағалайтынын және жақын күндері шешілетінін айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0