четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
0oC
1xadv
×

Есенғали Раушановтың шығармашылық кеші Астанада өтті

Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Шабыт» шығармашылық сарайының Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті.

Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер, алаштың арлы азаматы Есенғали Раушановтың кешін «Дарын» сыйлығының лауреаты, ақын Светқали Нұржан жүргізді.  Шығармашылық кеште ақын туралы арнайы фильм көрсетіліп, көрермен назарына «Айша Бибі» театрландырылған қойылымы ұсынылды.

«Бүгінгі кештің орны айрықша, қазақ әдебиеті үшін мағыналы күн. Патриоттық жырларыңызбен Егемендік алғанға дейінгі жылдардағы тынысын тарылтып, ұлттық намысына батқан қазақ халқының рухын асқақтатып, ұлттың бірлігін күшейту жолында қосқан ерен еңбегіңіздің үлесі мол! Олай болса, еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары, толағай табыстары Сіз секілді халқы үшін туған асыл ұлдарының арқасы. Рухты жырларыңыздың ғұмырлы болуын тілеймін», — деді өзінің құттықтау сөзінде  Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Кеш барысында жас ақындар автордың өлеңдерін оқыды. Ал, Маңғыстаудың әншілері  Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған әндерден шашу шашты.

Шара соңында кеш иесі сахнаға шығып, көрерменге жылы лебізін білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0