суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Атырау облысындағы полимерлер өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда

Өндірілетін көмірсутек шикізатын терең қайта өңдеу, яғни қосылған құны жоғары мұнай-газ-химия өнімін өндіру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қазақстандағы мұнай-химия өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің оң бағасы көптеген зерттеулердің, соның ішінде Exxon Mobil, Shell сияқты халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялардың және Nexant консалтингтік компаниясының нәтижелерімен расталған.

Әлемдік үрдістерді, атап айтқанда көмірсутекке баламалы энергия көздерін белсенді іздеуді ескере отырып, перспективада мұнай-газ-химия өндірілетін мұнай және газды негізгі тұтынушы болатындығы болжануда.

Сондықтан барлық мұнай-газ саласының даму қарқынын сақтау үшін басқа да мұнай өндіретін елдер сияқты Қазақстанның Үкіметі де мұнай-газ-химияға ерекше назар аударуда.

Заманауи мұнай-газ-химия өндірістерін ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдаудың айтарлықтай шаралары қабылданды.

Атап айтқанда Атырау облысында арнайы мұнай-химия аймағы құрылды. Онда салық және кеден артықшылықтары қолданылады. Шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілген. Жобалау және құрылыс кезінде халықаралық стандарттарды тікелей қолдану мәселесі шешілген. Бұл жобалардың құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаларды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күрделі шығындарды 20% дейін және операциялық шығындарды 15% дейін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, мемлекет аталған АЭА инфрақұрылымын салуды қаржыландыруда.

Атырау облысындағы арнайы мұнай-химия аймағының аумағында полипропилен және полиэтилен өндіру бойынша жобалар іске асырылып жатқаны белгілі.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы (ҚР) Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ресми сапары аясында жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық бойынша екі маңызды құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС), Borealis аустриялық компаниясы Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары туралы Келісімге (TermSheet) қол қойды. 

Қол қойылған Келісім (TermSheet) мемлекеттік қолдаудың шаралар пакетін бекітіп, жобалау сатысына көшуді негіздейді (техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу).

ТЭН әзірлеуді аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2018 жыл.

Аталған жоба ҚР аумағында жылына 1250 мың тоннаға дейін полиэтилен өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ішкі сұранысты толықтай жауып, тұрақты экспорттық түсімді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жоба аясында құрылыс кезеңінде 4000-ға жуық жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 560 тұрақты жұмыс орнын және мультипликативтік әсер есебінен байланысты салалар үшін 3000-ға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары түрінде бюджетке жыл сайынғы аударымдар түседі. Жобаны іске асыру нәтижесінде озық шетелдік технологияларға трансферт жүргізіледі, ал өндірілетін өнім полимерлік өнімнің 50-ден астам түріне алдағы қайта өңдеуге (жергілікті полимерлік технологиялық өнімді дамытуға жәрдемдесу) шикізат ретінде болады. Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімге үлесі – жылына орташа алғанда 1,2%.

Екінші құжат – Атырау облысындағы полипропилен өндіру жобасы бойынша ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға да ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ («Біріккен химия компаниясы» ЖШС) және Borealis компаниясы арасында қол қойылды.

Меморандумға сәйкес Borealis полипропилен жобасына техникалық-экономикалық талдау және заң сараптамасын жүргізеді.

Бұл жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ долларын, зауыттың қуаты жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды.

Полипропилен өндіру бойынша жобаны қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ іске асыруда, атап айтқанда ЕРС мердігер анықталды, қарызды қаржыландыру тартылды, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0