пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

БҚО ауылдарында жұмысшы кадрларға сұраныс көп

Аудан-ауылдардағы кәсіби-техникалық колледждердің түлектері далада қалып жатқан жоқ. Сол себепті жастардың жұмысшы және орта буын мамандықтардың иесі болуына барынша жағдай жасалуы керек, передает NewTimes.kz.

Бұл туралы «Өрле,Қазақстан!» ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, БҚО білім басқармасының бас маманы Айжан Испенбетова ауыл жастарымен кездесуі кезінде мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, жыл өткен сайын қоғамымызда, әсіресе ауылдық жерлерде жұмысшы кадрларға деген сұраныс артуда. Соған орай оларды жергілікті жерде дайындау үшін мемлекет тарапынан  аудандағы колледждерді дамыту ісі қолға алынуда.

Ақжайық - БҚО-дағы ең ірі ауданның бірі. Әрі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті мұнда ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларының дамуы жақсы. Яғни онда жұмысшы мамандыққа деген сұраныс бар. Бұл сұраныс негізінен аудан орталығында орналасқан аграрлық-техникалық колледжі тарапынан қанағаттандырылуда.

Биыл құрылғанына 60 жыл толатын аталмыш кадрлар ұясында ауылға керек кәсіптің көбін меңгеруге болады. Яғни олардың ішінде техник-механик, ветеринарлық техник, экономист-бухгалтер, электрондық есептеу машиналарының операторы, дәнекерлеуші, аспаз, тракторшы-машинист, жануарларды ветеринарлық өңдеуші оператор, ағаш ұстасы, автомобиль жүргізуші, слесарь-жөндеуші сынды жұмысшы және орта буын мамандары бар. Болашақ мамандардың теориялық және практикалық тұрғыда сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында материалдық-техникалық база жақсарып, толығуда. Аймақтық кеңес шешімімен веттехник, аспаз мамандарын дайындауға арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған зертханалар іске қосылды. 3 компьютерлік сынып, 17 теориялық оқу кабинеті мен 7 оқу шеберханасындағы оқытушының жұмыс орны толық автоматтандырылған. Студенттердің өндірістік сабақтары толыққанды жүруі үшін соңғы жылдары материалдық-техникалық база мен автомобиль, трактор паркі толығымен жаңартылды.

Мұнда шәкірттер үшін барынша жағдай жасалғандығының бір көрінісі сол, Оралдан 125 шақырым қашықтықта орналасқан Чапаев ауылына өзге аудандарды айтпағада, көрші облыс жастары да келіп оқуда. Солардың бірі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан келген І курс студенті Гүлшат Оразбаева. Оралға білім іздеп келіп, нәтижесінде осы жақтың дәм-тұзы бұйырған мұнайлы түбектің жас аруы Ақжайық аграрлық-техникалық колледжігің студенті атанғанына еш өкінбейді. Техник бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жатқан ол бүгінде Adobe Photoshop, Corel Draw бағдарламалары, Web парағымен жұмыс, векторлық, расторлық графика, электронды поштамен жұмыс істеу, HTML, Java тілдерін, Интернет желісін кең көлемде қолдануды үйреніп алды.

«Маған бұл оқу орны ұнайды. 20 мың теңгеге жуық шәкіртақы аламын, қысқы, жазғы демалыс кездерінде ауылыма барып келуіме жолақы да төленеді. Күрделі жөндеуден өткен жайлы жатақханада тұрамыз. Бос уақтымызда кітапханада отырамыз. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану мақсатында колледждегі тренажер, спортзалдарға да барамыз. Құрбыларым қолөнер, домбыра, вокал үйірмелеріне қатысады. Оқу орнында «Инабат» қыздар клубы құрылып, онда ұлттық салт-дәстүр бағытында тәлім алып жүрміз. Мұның бәрі де бізді ынталандырады», —дейді ол.

Осы колледждің түлегі болып табылатын чапаевтық Дидар Құспанов бүгінде сауда саласында қызмет етіп жүр. Коледжде дәнекерлеуші мамандығын меңгерген еді. Бос уақытында дәнекерлеумен айналысып, тапсырыспен темір есік, қақпа жасап, жылу жүйелерін тартады. Осылайша отбасының ырыздық-несібесі артуда.

Дидар секілді жұмысшы мамандығын меңгеріп, бүгінде еліміздің өркендеуіне үлесін қосып жүрген ақжайықтық жастардың болашағы жарқын болары анық.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0