пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Назарбаев ел басшыларынан қандай бағалы сыйлықтар алғанын айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» сұхбатының аясында ел басшыларының тарапынан жасаған қандай сыйлықтар есінде қалды деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадр с видео
Кадр с видео

Ол АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтонға тәжірибесінің болмауына байланысты қандай сыйлық сыйлағанын айтты

«Тәжірибесіздіктен мен Клинтонға оның портреті салынған кішірек кілем сыйладым. Біздің Алматыдағы фабрикамыз тоқып шықты. Мен президент оны өзіне қарап отыратын шығар дедім. Осы сыйлықты тапсырған соң, кездесуге келген кезде кілемнің кіре берісте хатшысының аяғының астында тұрғанын көрдім. Бұл олар үшін оп-оңай нәрсе.

Біздің посткеңестік республикаларымыз сыйлықтарды жақсы көреді. Гурбангулы Бердімұхамедов ахалтекі жылқысын сыйлады. Жақсы сыйлық, шын жүректен. Немесе өзбек халаттары мен өнімдерін сыйлайды. Қырғыздар да жылқы береді. Біз де бере аламыз. Осылай қалыптасқан», –  деді Назарбаев.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмде денсаулығына байланысты биліктен бас тартқанын мәлімдеген еді.

«Мен ешқашан айтпаған шындықты айтқым келеді. Мен омыртқама ота жасаттым. Өте ауыр ота болды. 8 наурыз концертте отырған едік. Концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрсам, аяғымды мүлдем қозғалта алмаймын. Бірнәрсе қысып қалған сияқты. Мен күзет офицерін шақырып, қолын таяқ сияқты ұстап алып, бір зал толған адам байқамасын деп шығып кеттім. Одан кейін тексерілген кезде омыртқамда ақау барын білдім және ота жасаттым. Қазір емделдім, барлығы жақсы», – дейді Назарбаев.

Елбасы биліктен кететіні туралы хабарды Ресей президенті Владимир Путин қалай қабылдағанын айтты. 

«Бұл туралы жария салуға болмайды, мен ол туралы ешкімге айтпадым. Сол күні таңертең біздің үлкен көршіміз Владимир Путинге хабарластым, ол абдырап қалды. Оған ”Бұл туралы кешке хабарлаймын, мен сіздің өз аузымнан естігеніңізді қаладым” деп айттым. Одан басқа, мемлекет басшыларынан ешкім білмеді. Негізі мемлекетті басқарудан бас тарту туралы ой маған 2015 жылы келді», – дейді Елбасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0