пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-4oC
×

Күйеу баласын ұнатып қалған әйел қызының тойына бармай қойған

Әйел қызының тойына күйеу жігітті ұнатып қалғаны үшін бармайтынын мәлімдеген. Бұл туралы қыз WeddingBee форумында жазған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Pexels.com
Фото: Pexels.com

Желідегі WeddingBee форумының қолданушысы оқиғасымен анонимді түрде бөліскен. Өз хатында жас қалындық тұған анасы оның сүйіктісін ұнатып қалғанын және де сәті түссе, күйеу баласына тұрмысқа шығуға дайын екенін де айтқан. Сондықтан тойға қатысудан бас тартқан. 

«Мен керемет жанмен атастырылдым. Біз екі жыл бұрын танысқанбыз. Қарым-қатынасымыз өте жақсы және одан артық адамды таппас едім», - деп жазады қалыңдық. 

Қыздың айтуынша, отбасы мен болашақ жары жиі сапарға шығып тұрған. Демалыс күндері анасымен бірге теннис те ойнаған. 

«Анам әкеммен отасқалы бері өзін бақытсыз сезінетінін айтты. Әкем бере алмаған сезімді менің күйеу жігітімнен алғанын мәлімдеді», – дейді қалыңдық. 

Бұл жағдайдан кейін қалыңдық барлығын әкесіне айтқан. Ер азамат бұл хабарды естіген соң үйден кетуге шешім қабылдаған.

«Әкем анамның терапия курсын өтпейінше, қонақ үйде тұратынын хабарлады. Күйеу жігітіммен арамыз да суи бастады. Осы үшін өзімді өте жаман сезініп тұрмын», - деп қосты қыз. 

Қалыңдықтың басына түскен жағдайға қатысты форум қолданушылары өз пікірлерін білдірген. Көбі қызды жақтап, анасының бұл әрекетін сынға алды.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 3
Забавно 9
Сочувствую 27
Возмутительно 4