пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Қол жұмсады»: Бекболат Тілеухан өзіне арыз жазған журналистен кешірім сұрады

Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі «Информбюро 31» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Шенеунік сұқбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.

Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процесс кезінде қос тарапта болған жайтты тәптіштеп айтып берді. Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Тіпті, жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.

Бірақ куәгерлердің істі талқылауға қатысып отырғанына байланысты сот келесі дүйсенбіге ауыстырылды. Ал жәбірленуші тарап судьяға талқылауға қатысқан куәларды келесі процеске қатыстырмау туралы өтініш білдірді. Сөзінше, бұл куәгерлердің объективті болуына кері әсерін тигізеді.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсанда мәжіліс Бекболат Тілеухан депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0