Роза Рымбаева итеріп жіберген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген. Желіде сол даулы сәттің фотосы жарияланды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Роза Қуанышқызы наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде өзімен суретке түскісі келген фанатын итеріп жіберген. Аталған сәттің видеосы Instagram-да тарады.
Көпшілік жас баланың кеудесінен қаққан халық әртісін сынға алды. Кейбірі сахнаға рұқсатсыз атып шыққан жігіттің әрекетін бейәдепсіздік деп бағалап, Рымбаеваны жақтады.
Ал бұл аралықта желіде Рымбаевамен түскен селфи жарияланды. Халық әртісі қарсылық білдірсе де, жас жігіт онымен суретке түсіп үлгерген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram