Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі ZTB парақшасына сілтеме жасап.
Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тілімізбен және төл тарихымызбен сусындап, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, домбыра үйренетін болады.
Мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.
Айта кетейік, аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы ― Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова.
Сонымен қатар, өткен жылы Жұлдыз Исмаилованың ұйымдастыруымен АҚШ-тағы қазақтар Наурыз мерекесі мен ҚР Конституция күнін Филадельфия қаласында атап өткен болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін біз Лос-Анджелестегі қазақ тілінен сабақ беретін Әсел Абидаева туралы жазған болатынбыз. Ол 7-12 жастағы 40 балаларға қазақ тілін үйретуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram