суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-7oC
×

Жас қызға үйленгені үшін түркістандық азамат педофил атанды

Түркістан облысы Кентау қаласының пробация есебіне екі жыл бұрын тіркеуге алынған Әмір өзінің жас қызды алып қашып отау құрғаны үшін заң алдында жауап берді.

Фото: ИА «NewTimes.kz»
Фото: ИА «NewTimes.kz»

Осыдан екі жыл бұрын Әмір 16 жастағы қызға ғашық болғанын айтады. Жас қызға үйленуге ұсыныс жасағанда бірден келіскен екен. Қазақтың көне дәстүрі бойынша қыздың келісімен оны алып қашқан. Бүгінгі күні ол әке атанып отыр.

Оның білместіктен жіберген қателігі үшін сот кешірім берер деп ойласа керек. Бірақ, заң бәріне бірдей. Әмірге де кәмлеттік жасқа толмаған жасөспірімді жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы баптарда көзделген қылмыс жасағаны үшін электронды құрылғы тағылды.

«Мен жас қызға үйленер кезде ағаларым заң алдында жауап бересің деген болатын. Бірақ, мен өз қолыммен жасаған ісіме жауап беруден қашпадым. 2020 жылы қызым дүние есігін ашқан кезде жас қыздың ана атануына себепкер болғаныма жауап беруге шақырды. Сөйтіп, сол жылы Кентау қалалық сотының үкімімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Енді, өтелмеген екі айым қалды. Дегенмен де өз әйеліңмен бірге тұрып педофил атану қиын екен. Темір торда қамалып жатқанан гөрі отбасыңның қасында жүргенің қуантады», ― деді сотталған.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміміен бас бостандығын шектеуге сотталған Әмір есімді азаматқа қатысты электрондық бақылау құралы қолданылды. Электронды білезік бір жылдық мерзімге арналған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 0