вторник, 27 сентября, 2022
icon
477.37
icon
460.38
icon
8.27
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
9oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz
Общество Редактор
23 апреля, 2022, 07:17

«Өз жерінен айныды деп жазды»: Қарақат неге Түркияда жарты жыл тұрып келгенін түсіндірді

Қарақат Әбілдина карантин уақытында отбасымен түрік елінде тұрып келді. Бір кездері әнші отбасымен өзге елге көшіп кетті деген ақпараттар тарағаны белгілі. Көпшілік жұлдызды шаңырақтың бұл әрекетін құптамады. Әнші жарты жыл уақыт не себепті өзге елді мекендегенін түсіндірді, деп хабарлайды stan.kz.

«Өз жерінен айныды деп жазды»: Қарақат неге Түркияда жарты жыл тұрып келгенін түсіндірді

Фото с сайта lookalike.top

Қарақат Әбілдина өзіне қатысты түрлі әңгіме таратып, сауал жолдағандарға, сонымен қатар көрерменге өзі жауап берді. Әнші бірнеше уақыттан бері айтылып келген әңгіменің нүктесін қойды.

«Менің отбасыммен Түркияда тұрғаным рас. Жарты жылдай уақыт тұрдық. Мені қаралап, біз туралы басқаша әңгіме де айтылды. Өз жерінен айныды деп те жазды. Карантин уақытында анам өмірден озды. Өзім жүкті едім. Үш айдан соң қызым өмірге келді. Талаптарға сай үйде жаттық. Іштей күйзеліс, шер толды. Мен жылылық іздедім. Қақаған қара суық кезең еді. Жолдасыма жылы жаққа бару туралы ұсыныс айттым. Жылылық іздедім. Шерімді тарқатқым келді. Алданғым келді.

Сол тілегімді Алла қабыл етіп, Түркиядан шақырту түсті. Солай ойда-жоқта отбасыммен Түркияға кеттік. Бастапқыда он күндей боламыз деп ойлағанбыз. Бірақ балаларға, өзімізге жайлы болған соң қала бердік. Қызымның енді ғана қырқынан шыққан уақыты. Солай жарты жылдай болдық», – деді Әбілдина.

Айтуынша, өзге елге қоныс аудару ешқандай жоспарда жоқ. Тіпті мүмкін емес дүние.

«Ол жаққа көшіп бару жоспарымызда жоқ. Қыдырәлі мен Қарақат басқа жаққа көшіп, Қазақстаннан тыс жерде өмір сүруі тіпті мүмкін емес», – деді әнші.

Әнші қазір тойларға жиі шығып жүр. Алайда кей тойлардың иесіне, қонақтарына айтар назы бар.

«Мені көбіне ұзату тойларға, мерейтойларға, тұсау кесу тойларға шақырады. Қызы еденге жата қалып билейтін, ерсі ойын көрсететін, миға симайтын жағдайларды өз басым көрген емеспін. Ондай тойда болмаппын. Бірақ кейбір жағдайлар бар. Тұсау кесу рәсімінде баланың алдына кітап, домбыра, ақша секілді заттарды қойып жатады. Ол қазақта жоқ. Ол корей ұлтынан енген. Бізде көңіл көтеру, қызық үшін осылай жасап жатады. Немесе гендер пати дейді. Үлкен кісілер жасап жатады. Жастарға жарасатын шығар, бірақ мен оны өзге елдің қызықтары деп санаймын», – дейді әнші.

В статье:
Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
20:15
Умер Борис Моисеев Умер Борис Моисеев
20:03
Казахстанцы третьи сутки не могут попасть домой из-за очередей на российской границе Казахстанцы третьи сутки не могут попасть домой из-за очередей на российской границе
19:31
Beeline прекратит транслировать некоторые российские телеканалы Beeline прекратит транслировать некоторые российские телеканалы
19:06
Россиянину вернули крупную сумму денег костанайские полицейские Россиянину вернули крупную сумму денег костанайские полицейские
18:36
Токаев посетил Шымкентский нефтеперерабатывающий завод Токаев посетил Шымкентский нефтеперерабатывающий завод
18:17
Маленькую девочку пытался изнасиловать житель Жанаозена Маленькую девочку пытался изнасиловать житель Жанаозена
18:00
Ушлые квартиранты втридорога сдали россиянам жилье в Астане Ушлые квартиранты втридорога сдали россиянам жилье в Астане
17:46
Мужчина в женском белье преследовал школьницу в Алматы: Комментарий полиции Мужчина в женском белье преследовал школьницу в Алматы: Комментарий полиции
17:30
Когда в Астане включат отопление Когда в Астане включат отопление
17:15
На большей части Казахстана объявлено штормовое предупреждение На большей части Казахстана объявлено штормовое предупреждение
17:01
Астанинский паб отказал в проведении мероприятия на казахском языке Астанинский паб отказал в проведении мероприятия на казахском языке
16:46
Доллар подорожал на KASE. Тенге нашел опору Доллар подорожал на KASE. Тенге нашел опору
16:32
Будет ли Казахстан выдавать России сбежавших призывников? Будет ли Казахстан выдавать России сбежавших призывников?
16:18
Пропавшего в Шымкенте мужчину нашли лежащим возле арыка в другом городе Пропавшего в Шымкенте мужчину нашли лежащим возле арыка в другом городе
16:04
В школах – в два раза дороже: В буфете мажилиса по-прежнему низкие цены В школах – в два раза дороже: В буфете мажилиса по-прежнему низкие цены
Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения