пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Өзімді өлтіруім керек пе?»: Дана Есеева күйеуінің ісіне қатысты президенттен араша сұрады

Дана Есеева қамауға алынған күйеуі Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты президенттен араша сұрады. Ол Төребаевты қамауға алу туралы шешімнің заңсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

stan.kz
stan.kz

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарының жүріп жатқанына қарамастан, Мейіржанды кінәлі деп танып үлгерді, деп ашынады блогер.

«Менің күйеуім 2021 жылдың 1 шілдесінде Mudarabah Capital компаниясына қатысты жауап беру үшін полицияға шақыртылған. Сол кезден бастап күйеуім тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірген емес», ― дейді Дана Есеева.

Айтуынша, Мейіржан Төребаев ел танитын адам болғандықтан, полиция мұны өз пайдасына пайдаланып, тергеуді айыптау бағытында жүргізуде.

«2022 жылдың 8 ақпанында Алматы тергеу соты «кепіл» бұлтартпау шарасы туралы шешім шығарды. Сот менің жолдасымның жасырынуға тырыспағанын, тергеуге бөгет жасамағанын, Қазақстан азаматы екенін ескерді. Сол уақыттан бастан менің күйеуімнің әрекетінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Алайда 2022 жылдың 19 сәуір күні бұлтартпау шарасы қайта қаралып, Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен, Мейіржан 10 күнге қамалды.

Шараны қайта қарастыру туралы сауалыма Алматы қалалық полиция департаменті, оның ішінде Рустам Абдрахманов «Жуырда зардап шеккен адамдар келіп, блогерлерді, оның ішінде Мейіржан Төребаевты қамауды сұрады», деп жауап берді. Кейін зардап шеккендердің бірі өзін өртеуге тырысып, қоғамдық резонанс тудырды. Объективті түрде бағалайық, қоғамдық резонанс бар. Бірақ ол соттың шешімінсіз менің күйеуімді қамауға алуға себеп бола ала ма?» ― дейді Дана Есеева.

Сондай-ақ, Дана Мейіржанды қамауға алу туралы шешімге танымал қоғам өкілдерінің қарсылық білдіріп жатқанын атап өтті.

«Күйеуімді қамауға алу туралы шешімді менің отбасым мен қоғам негізсіз қысым мен репрессия деп бағалайды. Рустам Абдрахмановтың баспасөз конференциясын негізге алсақ, егер қоғамдық резонанс осылай әсер етсе, бес баланың анасы ретінде өзімді өлтіруім керек пе?» ― деді Есеева.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтан аталған іске араша болуын сұрады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Есеева Дана Сабировна (@dana_yesseyeva)

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 26 ​​қазанында Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрушы Алматыда ұсталған болатын. Оны отандық блогерлер мен вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев жарнамалады.

10 ақпанда жоғарыда аталған тұлғалардың қаржылық пирамидаға қатысты іс бойынша жауапкер болғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Mudarabah Capital қаржы пирамидасының инвесторы Бағила Досмаилованың астаналық Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жібергені туралы видео Қазнетте шу болды. Оған әйел 20 млн теңгеге жуық қаржы салған болатын.

Сәуірдің 13-і күні блогер Мейіржан Төребаев салымшының өзін-өзі өртеп жіберуіне қатысты пікірін білдіріп, Алматы қалалық полиция департаментіндегі тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтар болғанын айтты.

Сол күні Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев, сондай-ақ басқа адамдар мен олардың туыстары Mudarabah Capital қаржы пирамидасының болжамды ұйымдастырушылары деп мәлімдеді. Полицейлер Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Алматы облысында танымал блогерлер мен вайнерлерге тиесілі төрт жер телімін, 10 пәтерді, бір дүкенді, бес үй мен екі көлікті тәркілеген.

20 сәуірде Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 41
Забавно 6
Сочувствую 4
Возмутительно 5