суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Көпбалалы ана 9 айлық бүлдіршінінің емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды

Өмір үшін күресте әр теңге маңызды. Көпбалалы ана Айдана Мұхтарқызы 9 айлық бүлдіршінінің емі үшін көпшіліктен көмек сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv

Сәбидің ми жасушалары дамымай, бір емес бірден 7 диагноз қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай бөбектің психикалық және физиологиялық дамуы өзінің жасына сай келмейді. Енді баланың өмірін сақтап қалу үшін ата-анасы шет елге аттануға мәжбүр. Бірақ ол үшін қомақты қаражат керек.

Омар – Айдана Мұхтарқызының кенже ұлы. 9 айлық бүлдіршін көз ашып дүниеге келгелі бері ауруханада ем алып жатыр. Анасының айтуынша, бала шала туылған. Босану кезінде миына қан құйылыпты. Кесірінен қазір бас миы күннен күнге ұлғайып өсіп барады. Балаға шұғыл ота жасалмаса, алдын-алу қиын екенін айтады.

«Неонатолог дәрігер айтуынша баланың туылып жатқанда тамыры үзіліп кеткен. Содан қан құйылып, инсульт алған. Миына құйылған қан тромбқа айналған. Гидроцефалия диагнозы қойылды. Тромп қатқаннан кейін баланың басы өсе береді», – деді анасы Айдана Рахманбердиева.

Баланың емі үшін қомақты қаражат керек. Жас отбасы Түркия елінің мамандарына сеніп, Стамбұлдан ем қабылдауды жоспарлап отыр. Ал ол елдің медицина қызметкерлері баланың бас сүйегіне жасанды аппарат қою керек дейді. Шетелдік дәрігерлер ота құнын 24 млн деп бағалапты.

«Менің аналық тілегім. Өзім бес баланың анасымын. Сіздерден өтініп сұраймын. Балама көмек берсеңіздер. Қолдан келгенше 100-200 теңгеден жинасақ. Қазір балам күнде дәрілермен ғана ұйықтайды. Оңай емес, күнде дәрілерге 15-20 мың теңге ақша кетеді», – деді анасы Айдана Рахманбердиева.

Дәрігерлер 9 айлық бүлдіршіннің психикалық және физиологиялық дамуы өзінің жасына сай емес дейді. Қазір протоколға сәйкес неврологиялық емін толық қабылдап жатыр.

«Мақсұтұлы Омар – 9 айлық бала. Бізде қанқұйылудан кейінгі Гидроцефалия диагнозымен ем алып жатыр. Қазіргі кезде жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Нейрохирургтардың бақылауында», – деді балалар невропатологы Әлия Смағұлова.

Сырқатқа шалдыққан Омардың ата-анасы түрлі қор мен қайырымдылық топқа жағдайын айтып, жүгінген екен. Десе де көп болып жинаған қаражат баланың емі үшін әлі де жеткіліксіз болып тұр.

Бүлдіршіннің сауығып кетуіне қол ұшын созамын деушілерге мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7(747)-172-13-91 Айдана Рахманбердиева. KASPI BANK: 4400 4301 6525 4167.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0