пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Орыс тілін Конституцияда қалдыруды талап еткен петиция шықты

Петиция 8 мамыр күні сағат кешкі 22.00-де жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

«Петиция! Қазақстанның Конституциясында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілінің мәртебесін қалдыруды талап етеміз!» — дейді хат авторы.

Петиция кеше түнде жарияланған. Княжнева Алекса Эдуардовна атты азаматтың жарияланғаны жазылған.

«Жаңалықтар ресурсына аталмыш петиция туралы хабарлаңыз. Осылайша, қоғамдық резонанс туғызып, билік назарын осы проблемаға бұра аламыз», — дейді петиция авторы.

Петиция қарсы дауыс беруге де болады. Ол үшін «Я против петиций» деген батырманы басу керек.

Петиция авторлары орыс тілін сақтап қалу бастамасын көтергенімен, бір қызығы, «мен қарсымын» деген санаттағы азаматтардың саны көбейіп кеткен.

9 мамырдағы сағат 10.15 жағдай бойынша петицияны қолдап 503 адам дауыс берсе, қарсы шыққандардың саны 4431-ге жеткен.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 5
Забавно 245
Сочувствую 298
Возмутительно 36

В статье: