среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Министр Сұлтановтың екі күндік сапарына 10 млн теңге жұмсалған

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың екі күндік жұмыс сапарына бюджеттен 10 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы protenge.kz аккаунтында жарияланды.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Журналист Жәмиля Маричеваның кезекті зерттеу жұмысының негізіне премьер-министр орынбасарының Алматы және Талдықорған қалаларына жұмыс сапары алынған. Сұлтановтың Алматы облысына жасаған бұл сапарына халықтың ақшасынан 9,6 млн теңге жұмсаған. Шенеуніктің мұндай қомақты қаржымен не үшін ұшқандығы анықталды.

Бақыт Сұлтанов Алматы қаласына 15 ақпан күні күндіз ұшып келген. Бұл жерде ол қала әкімімен жиналыс өткізіп, тараптар «сауда саласын дамыту мен бағаларды тұрақтандыру» мәселелері жайында сөз қозғады. Премьер-министрдің орынбасары Алматыға бір күн қонып, артынша 16 ақпан күні Талдықорған қаласына ұшып барды. Мұнда Сұлтанов Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесіп, облыстағы мәселелер пікірлескен.

Осы екі күндік жұмыс сапарына қазақстандықтар 9,6 млн теңге төледі. Журналистің ойынша, мұндай сапарлар қомақты қаржыны талап етпейді. Өз зерттеуінде ол бұның бірнеше себебін көрсеткен.

Осы сияқты жиналыстарды онлайн форматта да өткізуге, мысалы Zoom бағдарламасы арқылы хабарласуға болатынын алға тартады журналист.

Тіпті жеке кездесу қатты қажет болып тұрған жағдайда, ақшаны үнемдеу жолын да көрсеттіп берген.

«Министрлер бизнес-класс билеттерін тұрақты рейстерде сатып ала алады. Мәселен, Сұлтанов Алматыға тағы 8 көмекшісін ертіп, бизнес-класпен ұшатын болса, онда үкімет ұшақ билеттеріне 1,5 млн теңге қаржы жұмсайтын еді», – деп жазды Маричева.

Оның айтуынша, ақша үнемдеудің бұдан да жақсы жолы бар. Министрлер барлық қазақстандықтар секілді эконом-класпен ұша алады. Есептей келе, журналист мұндай жағдайда Сұлтановтың сапары салық төлеушілерге 500 мың теңгеге түсетінін айтады.

Сонымен, зерттеуші өз ойын қорытындылай келе, қазіргі уақытта үкімет қызметкерлерінің ары-бері ұшуына бір жылға 500 млн теңгедей қаржы жұмсайтынын айтады. Бұл 10-15 млн теңгеден 30 шақты іс-сапарды құрайды. Алайда егер біздің министрлер эконом-класқа ауысса, аталмыш сома жылына 20-30 млн теңгені ғана құрап, еліміздің бюджеттік шығынын 10-15 есе азайтар еді деп түйіндепті жазбасын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 78
Сочувствую 34
Возмутительно 1

В статье: