«Жабайылар»: Павлодарда өткен концертте көрермендер Қайрат Нұртасқа қарай ұмтылған
Танымал әнші Қайрат Нұртас Павлодар жағалауындағы Ertis Promenade сахнасында өткен концерттің басты қонағы болды. Мерекелік кеште өнер иесінің жанкүйерлері қоршау сыртында тұрмай, сахнаға қарай ұмтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram / mypavlodar
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауыша, Ertis Promenade сахнасындағы концерт 3 маусым күні өткен. Іс-шара мемлекеттік рәміздер күні құрметіне ұйымдастырылып, онда Иса Байзақов атындағы филармония әртістері, Ибрагим Ескендір, Kalifarniya мен Қайрат Нұртас ән шырқаған.
Көптің сүйіктісі Қайрат Нұртас өнер көрсетіп жатқан кезде көрермендер сахнаға қарай жүгіріп, әншіге ұмтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейнежазбаны көрген қазақстандықтар өнер иесінің жанкүйерлерінің іс-әрекетін сынап тастаған.
«Жабайылар», «Құдай-ау, сонша не болды», «Қонақтардан ұят болды-ау», «Мұндай адамдар үшін мен ұялып отырмын», «Жарайсыңдар, қаламыздың атын шығардыңдар», «Түк көрмеген сияқтысыңдар», — деп жазуда олар.
Дегенмен павлодарлықтардың іс-әрекетіне түсіністік танытқандар да табылған.
«Жанкүйерлері әншімен жақынырақ танысқысы келді, онда тұрған не бар», «Балаларды қуып жатыр ма?», «Әншілер Павлодарға жиі келуі керек, сонда сағыныштары басылады», — дейді оқырмандар.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
06:46Как обстоит ситуация с подачей тепла в Экибастузе?06:00Прогноз погоды в Казахстане на 8 февраля05:23В Талдыкоргане мужчина разгуливал по улицам с «пистолетом» в руках03:23Дети в школе села Жетыген вынуждены учиться стоя02:30Спецборт с казахстанцами из Турции приземлился в аэропорту Астаны01:33Кто наказан после инцидента с дерганьем волос малышке в детсаду Караганды?00:23Резиденции президента в пяти городах Казахстана передадут для нужд детей