пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

«Онымен де айырылысып кеткен бе?»: Сүйіктісі барын жария еткен Қырықбаева енді басы бос екенін айтты

Қазақстандық әнші әрі блогер Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы айтып берді. Әнші қазір жігіті жоқ екенін мойындап, өзін еркін адаммын деп атады, деп хабарлайды stan.kz.

Фото: instagram /  kyrykbayeva
Фото: instagram / kyrykbayeva

Динараның Instagram желісіндегі жанкүйерлері оның жеке өміріне қызығушылық танытып, жігіті бар-жоғын сұраған.

«Жоқ, менің жігітім жоқ. Мен басым бос қызбын», — деді үш баланың анасы.

Тағы бір жазылушы актрисадан еріндері шынайы ма, әлде ботокс қолданды ма деп сұрады. Жауап ретінде Динара өз сұрағы бойынша әзілдеуді жөн көрді. Ол Instagram желісіндегі ерінге арналған маскалардың бірін қолданып, видеоға түсірген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі барлығынан шаршағанын мойындап, Динараның қалай үнемі көңілді жүретінін сұрады.

«Бұл да өнер. Күліп жүре бер! Инстаграмда барлығының 5-10 пайызын ғана көресің. Жалпы, әртүрлі жағдайлар болады. Көңіл-күйің болмайтын күндер болады. Бірақ әрқашан көңілді болуға тырысу керек. Өзің үшін, отбасың үшін», — деп жауап жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін әнші кездесіп жүрген азаматы барын айтып, бірге жүрген сәттердің фотосын бірнеше рет жариялаған еді.

Желі қолданушылары әнші ол жігітпен екіге айырылысты деп болжады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0