пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

Бекерге жылатты: Гүлзира Айдарекова Қайрат пен Еркенің арақатынасы жайлы айтты

Бұған дейін Қайрат пен Еркені көңіл қосты деп сөккендер табылған еді. Әсіресе, Қайраттың туған күн кеші үшін Мальдивке барып, құшақтаса құттықтауын білдірген әнші қыз сын астына қалғанын жазады, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Instagram.com / kair_n
Фото: Instagram.com / kair_n

Жұлдыз бен Қайраттың екі жақта жүргенін байқаған желі оқырмандары Еркені жерден алып жерге салды. Тіпті әнші бұл үшін көзіне жас алған.

«Еркенің Қайратта, Қайраттың Еркеде тіпті ойы жоқ. Ол бір-біріне қарындас-аға секілді. Әпке-іні секілді қатынаста. Қуаласып ойнайды. Артық сезімі жоқ. Еркеден тіпті ұят болды. Масқара. Еркені бекерге жылатты. Олай болмау керек еді. Ерке Жұлдызбен де, Қайратпен де араласады. Оның еш арам ойы жоқ», – деді продюсер.

Әншінің анасы сын айтқыштардың сынықтан сылтау іздейтінін түсіндірді.

Ал Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге демалып жүрген сәтінен бірнеше фото-видеолар жариялап, бірге екенін түсіндіруге тырысты.

Күні кеше Қайрат Нұртас кенже ұлымен теңізге аттанды. Қайрат Черногорияда демалып жатқан жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың жанына барды. Қайрат бірге түскен суреттерін жариялап, Жұлдызбен ажырасты деген қауесетке нүкте қойды.

«Білмеймін, әншімін бе, актермін бе, режиссер әлде сценариспін бе? Анашым, аяқ-қолым сау және сондай ақылды етіп туып өсіргеніңізге Аллаға сансыз шүкір!» – деп жазды әнші.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

 

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0