пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Не деген медбике»: Әнші Ерке Есмахан танымал қазақ сериалына түсуде

Әнші Ерке Есмахан актрисалыққа бет бұрды. Өнер иесі танымал қазақ сериалына түсіп жатыр. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com / erke_esmahan
Фото: instagram.com / erke_esmahan

Ерке Есмахан қалың көпшілік арасында кеңінен таралып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Келінжан» телехикаясына түспек.

Эстрада жұлдызы түсірілім алаңына барып, жұмысын бастап кетті. Желіде жарияланған видеолардан әншінің бұл сериалда медбикенің рөлін сомдайтынын көруге болады.

Айта кетерлігі, аталмыш сериалдың түсірілімі Алматы маңындағы Аққайнар ауылында өтіп жатыр.

Өнер иесі бұған дейін «Махаббат кафесі» фильмін түсіріп, онда басты рөлдердің бірін сомдаған Еске сала кетейік бұған дейін Ерке Есмахан желіде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген болатын. Ол тағы да тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0