Атышулы «Алтын Орда» базарының төңірегіндегі дау басылар емес. Бұған дейін қоғам белсенділері сәуір айында басшылық ауысқанымен, сауда орнында заң бұзушылықтар тоқтамағанын айтқан еді, деп хабарлайды Nege.kz.

Фото: nege.kz
Көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізетін көрінеді. Бүгін елордада баспасөз мәслихатын өткізген заңгер Дәурен Ғабдул мұндағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар екенін айтады.
Шағымы таудай болған саудагерлер «Алтын орданың» қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын ақпарат құралдарына жеткізген.
Ал заңгер компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз деп отыр. Бұл заңсыздықтарға базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті екенін қадап айтты.
«Бұл – ірі логистикалық торап. Алматы қаласы мен облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион адам. Бұл – стартегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Сондықтан «Алтын орданың» тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек», – дейді заңгер Дәурен Ғабдул.
Айта кету керек, осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен. «Алтын орданың» бұрынғы құрылтайшыларының үстінен «2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды» деген арыз түскен болатын.
Заңгер Дәурен Ғабдулдың айтуынша, қазір сауда орынның экс-басшылары базарды қайтарып алуға күш салып жатқанын жеткізді.
«Базардың басшылығы ауысып, бәрі өзгереді, жалға алушылар жақсы өмір сүре бастайды, тауарлардың бағасы түседі деп ойладық. Сәуір айынан бері «Алтын ордада» баға төмендеді ме? Біз тәртіпті қоғам арқылы орнатуымыз қажет. Себебі, басшылықтың ауысқанының өзі күдік ұялатады», – дейді заңгер.
-
Молодую девушку похитили и изнасиловали в Алматинской области29.01.2023, 22:24Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру29.01.2023, 10:10Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналист29.01.2023, 03:36Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202329.01.2023, 09:12Ерке Есмахан енді қыз-келіншектерге жас жігіттерді өзіне қалай қаратуды үйретпек29.01.2023, 19:45«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналистСегодня, 01:20
-
08:15Яму с мертвыми собаками продезинфицировали в Актау07:34Казахстанские хоккеистки выиграли третий подряд матч на юниорском ЧМ07:11Умер создатель Мамонтенка и кота Леопольда06:37Подросток получила тяжелые травмы на горке в Уральске06:00Прогноз погоды в Казахстане на 30 января05:00Житель ЗКО убил кочергой сожительницу03:30«Бибисара победила заслуженно»: Титулованный шахматист об игре с казахстанской02:25Первая женщина-дрессировщица посетила львов в зоопарке Шымкента01:20«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист00:15Водолаз спас идущую ко дну женщину в Каспийском море