пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Азат Перуашев: «Назарбаев қаңтар оқиғасы үшін тікелей жауапты адам»

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасы үшін тікелей жауапкершілік арқалайтынын айтты, деп жазады qamshy.kz.

Фото: NT
Фото: NT

Бұл туралы ол Orda.kz-ке берген сұхбат барысында жеткізді.

«Иә, оның да тікелей жауапкершілігі бар деп ойлаймын. Ол осы нәрсемен шұғылданған үкіметті тағайындады. Қазіргі президент те үкіметті өзі жасақтайды. 2007 жылға дейін үкімет туралы заңға сәйкес, қайта тағайындалған министрлер кабинеті бір ай ішінде парламентке өзінің әрекеттерінің бағдарламасын ұсынатын. Парламент бағдарламаны мақұлдамаса, өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп үкімет бағдарламаны жетілдіріп, қайта ұсынатын. Егер парламент екінші рет бекітпесе, үкімет ауысатын. Біз парламенттік республиканың жақтасымыз. Сайлауда жеңген партия үкіметті жасақтап, президентке ұсынғанда ғана партиялар нәтиже үшін, үкіметтің сәтсіздігі үшін жауап берер еді. Ал қазіргідей үкіметті президент жасақтайды екен, онда оның жұмысына да өзі жауапты болуға тиіс», – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, Қазақстандағы жүйе атқарушы билікке ыңғайланған. Өкілеттің барлығы үкімет пен әкімдерде. Ал депутаттардың ұсынысы үкімет цензурасына ұшырайды.

Азат Перуашев депутаттардың бастамасы бюджетке келіп тірелетінін, бюджет үкімет қолында болғандықтан, оның жүзеге асуы тікелей үкіметке байланысты екенін айтады.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 7
Сочувствую 42
Возмутительно 225