«Ішіндегі баласын сатқанмен тең»: Алтынбек Қоразбаев ән үшін ақша сұрайтындарды сынға алды
Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Алтынбек Қоразбаев ешқашан әнін сатпайтынын айтты. Өнер иесі бұл туралы Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Фото: qazaqconcert.kz
Сұхбат барысында Нұрлан Албан халық әртісінің бір әніне құда түскісі келетінін жеткізген.
«Мен әнімді сатпаймын. Мен талай рет айтқанмын. Әнді сату - ішіндегі баласын сатқанмен тең. Айтамын десең, менің айналдырған 70 әнім бар, бәрін айт. Кім айтам десе де беремін. Тегін беремін. Өзім клип жасауға көмектесемін. Кейбіреулер әнін сатады екен, мен әнімді ешқашан сатпаймын», — деді Алтынбек Қоразбаев.
Сонымен қатар ол әнге сөз жазу барысында ақындарға көмектесетінін және кейбір әннің сөзін өзі жазса да өзге ақындардың атынан жарыққа шығарғанын атап өтті.
«Мәселен, «Қара кемпір» әнінің 9 шумағын айтсам, соның 7-8 шумағын өзім жазғанмын. Енді тарихы өзімнің ауылымнан шыққан қария әжейге арналған ән ғой. Тәкен деген досым бар. Өзі ақын әрі журналист. Бірге отырып жазғанбыз. Идеясы бәрі өзімдікі. Сондай-ақ, «Сырғалым» әнінің 80 пайызы өзімдікі», — деді сазгер.
Сонымен қатар, композитор өзінің жасырын дәулетіне қатысты сұраққа жауап берді.
«Енді ол бизнеске жата ма, жатпай ма, білмеймін «Алтын домбыра» дейтін өнерге аралас мектебім бар. Менің бизнесім – менің авторитетім», — деп әңгімесін түйіндеді өнер иесі.
-
Россия завалила Казахстан просьбами о помощи обойти санкции19.03.2023, 10:57Певица Максим сорвала концерт в Сочи19.03.2023, 02:27«Не знала, как себя вести»: Боксерша из Казахстана попала в необычную ситуацию на ЧМ-202319.03.2023, 01:26Сына уральского судьи, подозреваемого в убийстве, поместили под стражу после резонанса19.03.2023, 00:2254-летняя женщина родила в Туркестанской области19.03.2023, 03:33Сегодня астанчане смогут бесплатно ездить на автобусах19.03.2023, 05:31
-
21:40Сотрудник МВД протащил вертолет и попал в Книгу рекордов21:10Казахстанка отправила оппонентку в нокдаун на ЧМ-2023 по боксу20:36Экс-депутату Кайрата Кудайбергену вновь пролили арест20:21Список депутатов мажилиса по одномандатным округам20:12В Алматы ограничат движение на Наурыз20:00Лидеры КНР и США поздравили Токаева с праздником Наурыз19:45Рыбакина стала второй в чемпионской гонке WTA19:20В ЦИК озвучили предварительные итоги выборов в мажилис19:15Эксперты о выборах: «Благодаря реформам люди почувствовали вкус к политике»19:08Сорвал погоны и обматерил полицейского житель Туркестанской области18:34Токаев утвердил Информационную доктрину РК18:27Женщина упала с пятого этажа и разбилась насмерть в Семее18:11Президент Израиля поздравил казахстанцев с наступающим прадником Наурыз18:00Время курсирования автобусов продлят в Астане в Рамадан17:43Си Цзиньпин прибыл в Россию