Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бала-шағасымен бірге шетелге демалысқа аттанды. Жұлдызды жанұя бұл жолы Түркияны көріп қайтуды ұйғарған, деп жазды KAZ.NUR.KZ порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың қарым-қатынасы бүгінде ел назарында. Желі қолданушылары олардың соңғы уақытта бірге көп бой көрсетіп жүргендеріне аса қуанышты екенін жеткізді.
Актриса бұл жолы Instagram парақшасында Қайрат Нұртас пен балаларымен әуежайда түскен видеосын бөлісті. Онда өнер иесі отбасымен демалысқа ұшып бара жатқанын хабарлап, күйеуінің көзінше өзінің «басы бос» екенін айтып қалды.
Аталмыш бейнежазба бірден оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Әбдікәрімова бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ. Желідегілер актрисаның қалжыңдағанын айтуда.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас бірге Черногория елінде демалған болатын. Актрисаның бұл саяхатында түсірген видеосы да елдің қызу талқысына қалған болатын. Ол кезде Әбдікәрімова тұрмыста емес екенін айтқан еді.