1-сыныпқа баратын балалардың қаншасы қазақша оқитыны белгілі болды
Қазақстан бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды qamshy.kz.

Фото: ИА «NewTimes.kz»
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.
Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.
«Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар», − деп түсіндірді Гүлмира Кәрімова.
Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалған.
Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.
-
Жаратушымен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты30.03.2023, 05:05Истощенного мальчика нашли среди собак30.03.2023, 15:05Акима едва не зарезали на рабочем месте30.03.2023, 09:41Сын фигуранта по делу об «Астана LRT» радует свою девушку дорогими подарками30.03.2023, 11:05Кто и какое наказание понесет за изнасилование второклассника в Алматинской области30.03.2023, 16:15В Алматы мопедистов-доставщиков начнут штрафовать30.03.2023, 02:37
-
03:29Получивший ножевое ранение аким пришел в сознание02:28Казахстан «разнес» США на чемпионате мира по хоккею с мячом01:24Жители четырех микрорайонов в Алматы остались без газа00:30Бывшего замначальника управления полиции Кокшетау осудили на восемь с половиной лет