пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Кештеу сияқты»: Дильназ Ахамадиева тағы да сәбилі болуға қатысты жауап берді

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева тағы да сәбилі болуға қатысты жауап берді. Өнер иесі тағы да бала сүйгісі келгенімен, әзірге нақты шешім қабылдай алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com / dilnaz_akhmadiyeva
Фото: instagram.com / dilnaz_akhmadiyeva

Дильназ Ахмадиева Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.

Эстрада жұлдызы тағы да перзент суюге қатысты өз ойын айтты.

«Балалы болғым келеді. Бірақ әлі шешім қабылдай алмай жүрмін. Мүмкін енді керек емес шығар. Кештеу сияқты», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бірі әртістен сұлулығының сыры неде екенін сұрады.

«Үлкен рахмет. Бұл генетика. Оған өоса мен көңілді жанмын», — деп жауап берді әнші.

Оған қоса өнер иесі өз хоббиі туралы сөз қозғады. Ахмадиева алдағы уақытта жүзіп үйренгісі келетінін айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1