суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Алматыда тұрғын үйдің сүруіне қарсы тұрғындар бас көтерді

Алматыда құрылысы аяқталмаған жаңа тұрғын үйдің сүрілуіне қарсы тұрғындар жиналып, бас көтерді. Ал сот құрылысшының заңсыз түрде үй тұрғызғанын анықтап, осындай шешімге келген еді. Бүгін, 30 шілдеде тұрғын үй орналасқан ауданда 300-дей адам жиналып, қарсылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Желіде жүктелген бейнежазбаға сүйенсек, құрылыс басына жиналған тұрғындар өздерінің үйсіз қалатындарын айтып, тұрғын үйді бұзуға қарсы шыққан.

Жиналғандардың айтуынша, құжаттардың барлығы дұрыс болғанына қарамастан сот үйлерді сүруге шешім шығарған.

«Бұл жерге келген отбасылардың мүшелері барлығында қосқанда мыңға жуық. Сонда бұл үйді құлатып, сонша жыл жинаған қаржылары далаға кетпек пе? Бұл адамдардың құқықтары тапталып жатыр. Заңсыз әрекет кім жауап береді?», — дейді видеодағы әйел дауысы.

Сондай-ақ жиналғандардың алдына үйді салған жауапты азамат құрылыс басына келіп, барлық құжаттардың дұрыс екенін айтып, дәлелдеп берген.

Ләззат Ракишева есімді азамат халықпен ойнауға болмайтынын айтып, бүгін болған жиналыста жиналғандардың “егер үйді сүруге жіберсе біз жатып аламыз, біз бен бірге қырып алып тастасын” деп талап қойғанын айтады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0