вторник, 5 марта 2024 г.
icon
453.35
icon
492.02
icon
4.96
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-6oC
1xadv
×

Кәмшат Жолдыбаева танымал актермен бірге көзге түсті

Атышулы Кәмшат Жолдыбаева жігітімен қол ұстасып, серуендеп бара жатқан жерінен камера назарына ілікті. Көпшілік жігітті танымал актер Ғазірет Ержанов деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: stan
Фото: stan

Тұрмыс құрмаған отандық шоу-бизнес өкілдерінің тізімінде апалы-сіңлілі Жолдыбаевалар бар. Әсіресе, қыздардың ашық-шашық образын көретін жұрт Кәмшат пен Алтынайға «тұрмысқа шығу» туралы кеңестерін жиі айтады. Алайда шоу-бизнестегі мансабын бірінші орынға қоятын бикештер ақ көйлек киюге асықпайды.

Есесіне желіде тараған соңғы видеоға қарап көпшілік тойдың ауылы алыс емес деген болжамға келді. Видеода Кәмшат бір жігітпен қол ұстасып барады. Көпшілік оны актер Ғазірет Ержановқа ұқсатты.

Айта кетейік, Кәмшат пен Ғазірет отандық телехикаялардың бірінде ашық сахнаға түскен.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2