Әкімдік қазақ батырының атындағы көшені бизнесменнің әкесінің есіміне берді
Көшеге есімі берілген азаматтың баласы кәсіпкер. Бұрын сол ауылда бірнеше жыл әкім де болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: inform.kz
Қызылорда облысына қарасты Төретам ауылында қазір Сисен Үйреков атында көше бар. Бұл көше бұрын ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған ерен тұлға Амангелді Имановтың есімімен аталған.
Ал Сисен Үйрековтың баласы Кенжебек Үйреков дәл осы Төретам ауылын бірнеше жыл басқарған екен. Кейін облыстық мәслихат депутаты болыпты. Ауыл тұрғындары қазір экс-шенеунік аудандағы қалталы кәсіпкерлердің бірі екенін айтады.
Әкімдіктегілер Иманов көшесінің атын Үйрековке ауыстыруға өздері шешім шығарғандарын растады. Бірақ бұл шешімді қабылдауға Сисен Үйрековтың баласының кәсіпкер болғаны мүлде әсер етпеді дейді.
Олардың айтуынша бұрынғы Амангелді Иманов көшесі (қазіргі Үйреков) өте тар болған. Сондықтан ұлт-азаттық көтеріліс басшысының есімін ауылдағы үлкендеу көшеге бердік дейді.
«Қармақшы аудандық мәслихаты мен аудандық әкімдіктің 2004 жылғы 30-қыркүйектегі кезекті 11 сессияның шешіміне сәйкес Төретам кентіндегі көшелерге «Амангелді Имановтың» және «Сисен Үйрековтің» есімдері берілгенін жеткіземіз», — деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Яғни қазір ауылда Имановтың да, Үйрековтің де атымен аталатын көшелер бар. Сондай-ақ әкімдіктегілер Сисен Үйрековтың ұлы отан соғысының ардагері болғанын және осы ауылдың тумасы екенін айтады.
-
В Шымкенте на олимпиаде произошло массовое отравление детей23.03.2023, 15:16Жители Каскелена устроили скандал из-за бесплатного плова на Наурыз23.03.2023, 14:37Землетрясение вновь ощутили в Шымкенте и Таразе23.03.2023, 05:00Ожесточенную схватку за место в автобусе на Наурыз сняли на видео в Шымкенте23.03.2023, 13:16ДТП с участием детского автобуса произошло в ТРЦ в Алматы23.03.2023, 18:18В Актюбинской области годовалая девочка упала в четырехметровый колодец23.03.2023, 13:57
-
06:00Прогноз погоды в Казахстане на 24 марта05:05Рыбакину сравнили с Джоковичем после исторического триумфа03:44Баян Алагөзова Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі02:31Жители Актау жалуются на продающих амулеты попрошаек01:10ВОЗ сообщила о снижении смертности от COVID-19 в мире00:25Шесть сел пострадали от землетрясения в Таджикистане