воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-9oC
×

«Балалармен кездесуін күтіп жүр»: Дана Есеева күйеуінің жағдайы туралы ағынан жарылды

Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді. Оған қоса желі жұлдызы «үйде жылап отырудың» орнына, қалыпты өмірін жалғастырып жүргені үшін өзін сынға алғандарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / dana_yesseyeva
Фото: Instagram / dana_yesseyeva

Дана Есеева азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

Ол өзін орынсыз сынға алып жатқанын айтып, күйеуінің қазіргі жағдайын бөлісті.

Блогер отағасымен тұрақты түрде кездесіп тұратынын алға тартты.

Сөзінше, Төребаев бүгінде фильмнің сценарийімен айналысып жатыр.

Вайнер бала-шағасымен кездесуді асыға күтіп жүр.

«Мен Мейіржанның қорғаушысымын және заң бойынша онымен кездесуге құқығым бар. Әрине, рұқсат етілген кездерде оған барып тұруым қалыпты нәрсе. Желіге салмасам, екеуіміз кездеспейміз деген сөз емес. «Жағдайы қалай?» деген сауалға айтарым, негізінен фильмнің сценарийімен жұмыс істеуде. Әділеттілікке сеніп, балалармен кездесуін күтіп жүр.

Ең орынсыз: «Неге мен үйде жылап отырмай, жұмыс істеп жүрмін?» деген сауалға тек «ол күнге жете алмайсыздар» деп жауап бергім келеді. Ең бастысы, Мейіржан тірі, осыны ұмытпаңыздар. Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпегенім үшін ызаланып жүрген еркектер, маған өз ойларыңызды таңбаңыздар. Сіздер солай жасасаңыздар, мен жасамаймын», — деп жазды ол.

Что думаете об этом?
Нравится 6
Мне все равно 5
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 3