Гүлзира Айдарбекова ән салса, желідегі жұрт бірден жағымсыз пікірлерін жаудырады. Бірақ халықтың бұл сөзіне мән барып жатқан ол жоқ. Күні кеше қыз ұзатқан атышулы продюсер фонограммаға ілесе алмай, бүкіл елдің алдында тағы да ұятқа қалған, деп хабарлайды Экспресс К.
Соңғы жылдары Қайрат Нұртастың анасы қыз ұзатуды кәсіпке айналдырған. Алайда продюсердің әншілік қабілеті жиі сынға ұшырайды.
Осыдан санаулы сағат бұрын өзінің жеке парақшасына тағы бір қалыңдықты ұзатқан сәтін жүктепті.
Бұл бейнежазбада Айдарбекованың фонограммаға дөп түсе алмағаны анық көрініп тұр және дауысы жұрттың құлағына түрпідей тиген көрінеді.
Өйткені оқырмандары Гүлзираға бұдан былай ән айтуды доғару керектігін жазыпты.
«Мына кісі «аузы қисық болса да, байдың қызы сөйлесіннің» керін келтіріп тұр ғой»;
«Дауысы қалай кетті, менің ұлыған итіме ұқсап»;
«Тақпақ айтып жатыр екен десем, өлең айтып жатыр екен ғой»;
«Дым дауысың жоқ, айналайын. Қоя қойшы», — деп ашуланды желідегі жұрт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram